Байланысты: Ба дарламасы м алімге арнал ан н С аулы
110 Таныстырылымды бағалау Таныстырылымның мазмұны: Екінші «Бетпе-бет» кезеңі барысында мұғалімдер өз портфолиосының мазмұны бойынша
әзірленген таныстырылымды пысықтап, толықтырады. Таныстырылым деректері мұғалімдер
портфолиосының шынайылығын анықтауға мүмкіндік береді, сондай-ақ Бағдарлама идея-
ларын өз тәжірибесінде қолдану және оның таныстырылымын жасау қабілетін көрсетуге
бағытталған. Таныстырылымның бейнежазбасы модерация үдерісіне қолдау көрсете алады.
Таныстырылымды бағалау мұғалімдердің төмендегі дағдыларын көрсетуге бағытталған:
9
Бағдарламаның жеті модулінің идеяларын ықпалдастыру арқылы өз тәжірибесіне
өзгеріс енгізуі;
9
өз тәжірибесіне енгізілген өзгерістердің тиімділігін бағалауы;
9
әріптестеріне коучинг өткізу арқылы Бағдарламаның түйінді идеяларын түсінуде
әдістемелік көмек көрсетуі;
9
бір әріптесіне тәлімгерлік ету арқылы оның Бағдарлама идеяларын өз тәжірибесінде
жүзеге асыруына көмек көрсетуі.