Бағдарламасы мұҒалімге арналған нұСҚаулық


Кәсіби білім және түсінік



Pdf көрінісі
бет194/440
Дата06.01.2022
өлшемі4,87 Mb.
#15964
түріБағдарламасы
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   440
Байланысты:
Ба дарламасы м алімге арнал ан н С аулы

1. Кәсіби білім және түсінік
Бағдарламаның түйінді идеяларын білу және түсіну
Мұғалімдер Бағдарламаны игеру барысында:
•  Бағдарламаның түйінді идеялары бойынша білім мен түсінік қалыптастырды.
•  Жекелеген оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып білім алу қажеттілігінің 
мәселелері бойынша терең білімдерді игерді (талантты, дарынды және т.б.) және осы 
мәселелер бойынша басқа мұғалімдерге қалай кеңес беруді біледі.
Кәсіби дағдылар
Өзінің оқыту және оқу тәжірибесінде Бағдарламаның түйінді идеяларын қолдану
Мұғалімдер Бағдарламаны игеру барысында:
•  Мақсатқа қол жеткізу үшін сыныптағы барлық оқушылар тартылатын тиісті мақсаттарды 
әзірлей алады;
•  Жеке  сабақ  өткізу  және  дербес  оқушыларды,  сондай-ақ  сын  тұрғысынан  ой-
ланатын  оқушыларды  ынталандыру  үшін  кәсіби  әрекет  ету  қажет  етілетін 
жағдайларды  анықтауда  түрлі  әдістер  мен  тәсілдерді  қолдана  біледі; 
• Қалай оқу керектігін үйрету тәсілін пайдалана алады;
•  Сыныптағы 
барлық 
оқушылардың 
оқу 
үдерісін 
бақылай 
алады; 
•  Оқушылармен  өзара  тілектестік,  құндылықтар  жүйесі  мен  мінез-құлық  нормала-
рын  қалыптастыруға  негізделген  өзара  сыйластық  қарым-қатынас  орната  алады; 
•  Бағдарламаның  барлық  жеті  модулін  ықпалдастыра  отырып  тізбектелген  сабақтар 
топтамасын жоспарлай алады;
•  Өзінің оқыту және оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу әдістемесін және оларды басқару 
тәсілдерін көрсете біледі;
•  Қысқа  мерзімді  және  ұзақ  мерзімді  жоспарлау  жағдайындағы  оқушылардың  оқу 
қарқынын жоспарлай алады;
•  Алға  қойылған  мақсаттар  мен  міндеттерге  қол  жеткізу  үшін  сабақтарды  жоспарлай 
алады;
•  Оқыту және оқу үдерісін жетілдіру мақсатында қолайлы материалдар мен дереккөздерді 
таңдай біледі;
•  Оқыту және оқу үдерісін қолдау үшін тиісті тапсырмалар мен іс-шаралар жүйесін пай-
далана алады;
•  Объективті түрде өзгерген жағдайларға орай жоспарын түзетуде икемділік танытады; 
• Оқу тапсырмаларын, үй жұмыстарын және сыныптан тыс тапсырмаларды жоспарлай 
алады;
•  Оқушылардың білім алуын ойластырып, оқыту және оқу жоспары мен тәжірибесіне 
тиісті өзгерістер енгізе біледі;
•  Тиісті  әдебиетті  оқу,  әріптестерімен  әңгімелесуге,  жеке  тәжірибесіне  және  сыныпта 
оқыту тәжірибесі туралы заманауи зерттеулер нәтижелеріне сүйене отырып, алқалық 
шешім қабылдай алады;
•  Жекелеген  адамдардың,  шағын  топтардың  және  бүкіл  сыныптың  қызметіне  бастама 


112
жасай және басқара алады;
•  Сабақ уақытын ұтымды бөле алады;
•  Қауіпсіз және сындарлы оқу ортасын құра алады;
•  Қалыптастырушы және жиынтық бағалауды қоса алғанда, бірқатар бағалау стратегия-
ларын қолдана біледі;
•  Оқушылардың жұмысын мұқият талдай және бақылай біледі;
•  Оқушылармен тиімді түрде ауызша және жазбаша өзара іс-қимылды қамтамасыз ете 
алады;
•  Жоспарлау үдерісін көрсететін оқушылардың алға жылжу қарқыны жөніндегі тиісті 
есептерді жүйелей алады;
•  Оқушылардың  оқу  үдерісіне  қызығушылығын  ынталандыру  дағдыларын  дамыта 
біледі;
•  Оқушыларды қалай оқу керектігін үйрету үшін бағалауды пайдалана алады;
•  Жоспарлау, оқу және бағалау үдерістерін тиімді ықпалдастыра алады.
•  Тиімді  оқытуды,  оқуды  және  басқару  стратегиясын  қалыптастыруды  іске  асыру-
да, соның ішінде – барлық оқушыларға өз әлеуеттерін іске асыруға мүмкіндік беру-
ге  бағытталуын  қамтамасыз  ететін  тәсілдерді  іріктеу  мен  пайдалануда  әріптестеріне 
қолдау көрсетеді, 
•  Мұғалімдер тобымен мектеп аясында Сабақты зерттеуге қатыса отырып, оқыту мен 
оқу мәселелері бойынша кәсіби диалогтарға бастама көтереді және қолдайды;
•  Коуч және тәлімгердің рөлін орындай отырып, мұғалімдердің топтық/жекелей оқуын 
басқарады;
•  Мектеп  мұғалімдерінің  кәсіби  қауымдастығының  қызметіне  бастама  көтереді  және 
қолдайды;
•  Мектептегі оқыту мен оқу сапасын одан әрі жетілдіру үшін өз әріптестерінің тиімді 
қызметін анықтауға және негіз ретінде аталған шешімдерді пайдалану туралы шешімдер 
қабылдайды;
•  Әріптестермен бірлесе отырып, мектептегі тиімді білім беру практикасын пәнаралық 
ықпалдастықпен қоса дамыту мақсатында сабақтарды жоспарлауға бастама көтереді 
және оған қатысады;
•  Мектептегі  тізбектелген  сабақтар  топтамасын  жоспарлау  мәселелері  бойынша 
неғұрлым тәжірибелі мұғалімдер үшін тәлімгер рөлін орындайды;
•  Сыныптағы  жұмыс  практикасы  туралы  кешенді  түрде  келіскен  шешімдерді  ойлап 
шығарады және сыныптағы проблемаларды шешу үшін тәжірибесі аздау мұғалімдерге 
көмек көрсетеді;
•  Жұмыс  істеп  жүрген  мұғалімдермен  бірлесіп  жұмыс  істейді  және  тәжірибесі  аздау 
мұғалімдердің назарын жекелеген оқушылардың оқытудағы қажеттіліктеріне аударуға 
көмектеседі;
•  Мектептегі  жиынтық  және  қалыптастырушы  бағалауды  пайдалану  бойынша 
әріптестердің тәжірибесін жетілдіруге ықпал етеді;
•  Жетілдіру үшін қажетті саланы анықтауды қоса алғанда, оқушыларға, әріптестер мен 
ата-аналарға оқудағы жетістіктер мен ілгерілеу бойынша өз уақытында, сындарлы кері 
байланыс ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет