Жеке қарым-қатынас(кәсіби өзара қарым-қатынасты қолдайтын орнықты жеке қарым-
қатынас);
Құзыреттілік (басқалармен өзара қарым-қатынас барысында күтілетін нәтижеге қол
жеткізе білу);
Адалдық (өзара сенімді және шынайы қарым-қатынас).
Осы «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасында негізінен бөлінген
көшбасшылық түрлерінің ішінде «мәдени бөлініске» артықшылық беріледі. Мұғалім жүргізетін
дамыту жұмысы (МЖДЖ) көшбасшылықтың бұл түрінің кең тараған нысаны болып табыла-
ды. Ол жауапты қызметі бар немесе жоқ мұғалімдердің:
• іс-тәжірибені жетілдіруге бастама жасау және ол үшін өзіне жауапкершілік алу;
• оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгерістер енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық
шешімдерді бірлесіп таңдау;
• деректерді бірлесіп жинау және қолдану;
• кәсіби білімді қалыптастыруға және таратуға атсалысу үшін көшбасшылықты
нығайтудың ерекше тәсілі болып табылады.
Дамыту жұмыстарын зерттеумен шатастыруға болмайды. МЖДЖ бағдарламасы «мұғалім – зерттеуші» түсінігіне емес, «мұғалім – оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру жұмысының көшбасшысы» түсінігіне негізделе құрылған. Біз «академиялық империализм» деп ата-
латын мақсаттан – мектептерде оқыту мен оқуды жақсарту мақсатынан алшақтамауымызды
қадағалап отыруымыз керек (Elliot, 1991). Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы белгілі бір
құбылыстардың пайда болу себептерін анықтау немесе тәжірибені талқылаудан тұрмайды.
Шын мәнісінде ол мұғалім, ата-ана, оқушылар, жалпы мектеп өз тәжірибелерін жетілдіру үшін
қатысатын үдерісті басқару мен басшылық етуден тұрады.