Бағдарламасы мұҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет28/440
Дата06.01.2022
өлшемі4,87 Mb.
#15964
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   440
Ұжымдық іс-әрекет
Бір  қарағанда  мұғалімнің  көшбасшылыққа  «дауысын»  күшейту  мен  жеке  басының 
жетекшілік  мүмкіндіктерін  жеке  де,  ұжымда  да  кеңейту  арқылы  жететіндігі  оғаш  болып 
көрінуі мүмкін. Ұстаздардың жетекші топтарында және қоғамдастық шеңберінде өзара қарым-
қатынасты қамтамасыз ету үшін мұғалімдер бірлесе жұмыс істеулері қажет. Мұндай бірлескен 
жұмыс  өз  мектептерінде  тәжірибені  таратуға  ғана  емес,  сонымен  бірге  басқа  мұғалімдерді 
иландыра алатын кәсіби білімнің негізін құрастыруға көмектеседі. Білімнің бұл негіздері – 
зерттеулерге негізделген білім емес, бұл басқаларға дем беретін және ары қарай іс-әрекет жасау 
үшін оларды қажетті бағытпен қамтамасыз ететін инновацияға негізделген жанды диалогтік 
үдеріс.
Жоғарыда  айтылғанның  барлығы:  адамдар  тек  білім  арқылы  ізгілікті  бола  алады;  білім 


19
беру – адамдардың зерделеп үйренуі үшін көрсетілетін көмектер жиынтығы; жалпы алғанда, 
тек мұғалімдер ғана педагогикалық тәжірибені жақсарту жөніндегі шараларды қабылдай ала-
ды деген дәлелдерге келіп саяды. Қалған қоғамдық институттар (саясаткерлер, зерттеушілер, 
мемлекеттік емес ұйымдар және халықаралық органдар, яғни Бүкіләлемдік банк және ЭЫДҰ) 
қолдау көрсетіп, жаңа идеяларды ұсына алады. Бұл, әрине, оптимистік көзқарас, бірақ опти-
мизмге ынталандыру – мұғалім көшбасшылығының міндетті қыры болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет