Бағдарламасы мұҒалімге арналған нұСҚаулық


Баланың не үйренгені туралы сын тұрғысынан ойлау



Pdf көрінісі
бет81/440
Дата06.01.2022
өлшемі4,87 Mb.
#15964
түріБағдарламасы
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   440
Байланысты:
Ба дарламасы м алімге арнал ан н С аулы

Баланың не үйренгені туралы сын тұрғысынан ойлау
Рефлексиялық оқытуға балалардың үйренгендері жайында сын тұрғысынан ойлау кіреді. 
Бұл олар көрсеткен сын тұрғысынан ойлау дағдыларын зерттеуді, жазып алуды және бағалауды 
талап етеді. Бұл қабілеттер мен дағдылар оқу үдерісіндегі белгілі бір дәлелдерді талқылап, 
қарастыруды  қажет  ететін  тапсырмаларды  орындау  барысында  көрініс  береді.  Бұл  арқылы 
олар,  мәселен,  саяхатшылар  мен  көлік  туралы  біледі,  өйткені  бұл  адамдардың  өмір  жолын 
тілге тиек ете отырып, қажеттіліктерді танып-білуге құрылған немесе тарихтағы өзгерістер 
мен үздіксіз ізденістер туралы біліп, адамның әлеуметтік-экономикалық өміріне әсер ететін 
қоршаған орта мен технологияның арасындағы қарым-қатынастармен танысу мүмкіндіктеріне 
ие болады.
Сонымен қатар гуманитарлық ғылым мен социологияның кез келген аспектісін, мысалы, 
балалық шақ пен отбасы, тамақ, аспаздық ілімі мен тағамдар, киім мен дүкенге бару, бос уақыт 
пен спорт, музыка мен ойын-сауық сияқтыларды талқылауға болады.


48
Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауының негізгі ерекшеліктері:
Ұтымдылық: ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу; үзілді-кесілді жауаптарды іздеудің 
орнына  сұрақ  қою;  дәлелдерді  талап  етіп,  кез  келген  дәлелді  есепке  алып  отыру;  эмоцияға 
емес, себепке негізделу (бірақ төменде айтылатын өзіндік сана-сезімге қатысты эмоция да бо-
луы ықтимал).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет