93
Оқушының жоғары нәтижеге қол жеткізуіне ықпал етуге бағытталған
мұғалімнің зерттеу жүргізу және білім түзу сызбасы
26-сурет.
Кәсіби білім алуға қатысты Тимперлей моделі
Практик-маманның зерттеуі білім мен тәжірибе арасындағы күрделі
әрі әрқилы өзара
қарым-қатынас туралы аргументке және тәжірибені жетілдіру үшін қажетті білім осы
күнделікті тәжірибелік жұмысты анықтайтын түрлі факторлардың мәнмәтіні мен өзара қарым-
қатынасының әсеріне байланысты деген заңдылыққа негізделеді (26-сурет).
Бастау және ұйымдастыру тұрғысынан алғанда практик-маманның
іс-әрекеттегі
зерттеуінің бірнеше түрлері бар, алайда бұл жолы мектеп базасындағы зерттеу мәнмәтініне
және атап айтқанда, мұғалімнің
іс-әрекеттегі зерттеуіне
ерекше назар аударылатын болады.
Бұл жағдайда
іс-әрекеттегі зерттеу
практик-мамандар мен университеттегі әріптестер
арасындағы ынтымақтастық ретінде айқындалады. Бұл орайда білім беру үдерісіне қатысатын
адамдарды, мысалы ата-аналар және мектеп қауымдастығының басқа да мүшелерін тартуға
болады.
Достарыңызбен бөлісу: