Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


тұратын түсініктемесімен қоса). 2



Pdf көрінісі
бет131/299
Дата23.08.2023
өлшемі11,77 Mb.
#105489
түріБағдарламасы
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   299
120
тұратын түсініктемесімен қоса).
2.
Коучинг сабағы арқылы әріптестердің тәжірибесіне өзгеріс енгізу
 
туралы рефлексиялық 
есеп (1000 сөз). есепте қамтылатын мәселелер:
• әдістемелік бірлестік деңгейінде өзгеріс енгізілгенін негіздеу;
• коучинг өткізу үдерісін және өзгеріс енгізудің тиімділігін талдау. 
• Әріптестермен өткізілетін коучинг сабағының жоспары (250 сөзден тұратын 
түсініктемесімен қоса).
3.
Бір әріптеске тәлімгерлік ету үдерісі туралы рефлексиялық есеп (1000 сөз). есепте 
қамтылатын мәселелер:
• әдістемелік бірлестік деңгейінде өзгеріс енгізу мақсатында тәлімгерліктің жүзеге асы-
рылуын негіздеу;
• тәлімгерлік ету үдерісін және өзгеріс енгізудің тиімділігін талдау. 
• Тәлімгерлік үдерісін жүзеге асыру жоспары (250 сөзден тұратын түсініктемесімен 
қоса).
4.
Іске асыру кезеңдерін, мақсаттарын, күтілетін нәтижелерін, табыс критерийлерін мен 
бұл үдерістің тиімділігін көрсете отырып, мектептің педагогикалық қоғамдастығы аясындағы 
жұмысты жоспарлау үдерісі туралы рефлексиялық есеп (1500 сөз). есепте қамтылатын 
мәселелер:
• Педагогикалық қоғамдастық деңгейінде өзгеріс енгізілгенін негіздеу;
• Педагогикалық қоғамдастықтың жұмысын жоспарлау және оны іске асыруды, бұл 
үдерістің тиімділігін талдау және қоғамдастық аясындағы жұмысқа басқа мектептерді 
тарту арқылы оның ауқымын кеңейту туралы ұсыныстар.
• Педагогикалық қоғамдастықтың жұмыс жоспары (250 сөзден тұратын 
түсініктемесімен қоса).
ЭТИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР
Бұл Бағдарлама Сіздің мектебіңіздің шеңберінде немесе басқа кәсіби қызметте өткізілген 
тәжірибелік зерттеу болуын көздейді. Мұндай зерттеу сауал және сұхбат сияқты әдістердің 
көмегімен оқушылардың, әріптестердің немесе ата-аналардың пікірлерін немесе олардың 
тәжірибелерін жинақтауды қамтуы мүмкін. Зерттеу сыныпта немесе мектептің басқа бөлігінде 
жүргізілген байқау, бейнежазба немесе фотосуреттерден тұрады. Осылайша деректерді 
жинау кезінде адамдардың жеке өмір құқығын бұзу немесе оның беделіне, не болмаса кейбір 
жағдайына зиян келтіру қаупі туындауы мүмкін. Мұндай тәуекелдер адамдарға, атап айтқанда 
балаларға қауіп тудыруы мүмкін. 
жоғарыда аталған себептер бізді мәселелерді мұқият талдап, хаттамалар мен рәсімдерді 
іріктегенде саналы таңдау жасауға итермелейді. Төменде қабылдауға қажетті 10 іс-әрекет 
тізімі келтірілген:
• Сіз зерттеу өткізуді жоспарлаған нақты мекеме өкілдерінен бұл мекемедегі зерттеу 
жүргізу туралы ережеге қатысты кеңес алу және оны ұстану. 
• Зерттеу өткізу туралы ауани оқу кеңістігінде этикалық мәселелер бойынша кеңес 
алу және олардың Сіздің зерттеуіңізге сәйкестігін ескеру. http://www.bera.ac.uk/blog/
category/publications/guidelines/
• Сұхбат, есеп жүргізу, оқушылардың бейне және фото түсірілімі туралы мектепте ереже 
әзірленгендігін анықтау. Саясатта оларды өткізуге рұқсат беру туралы мәселелер қалай 
баяндалған, құжаттарды қалай сақтауға болады?
• Балаларды эксперименттік тәжірибеге немесе зерттеуге қатыстыру үшін оқушылардың 


121
ата-аналарынан немесе қамқоршыларынан алдын ала рұқсат сұраңыз. ата-аналарға 
жіберілген хатта жұмыстың мақсаты мен сипатын толығымен түсіндірілуін қамтамасыз 
етіңіз және олардың хаты алынғандығына көз жеткізіңіз. ата-аналардың келісімін жаз-
баша растауын өтініңіз. 
• Өз ниеттеріңізді жоспарда жазбаша түрде жазыңыз және әріптестеріңізбен, атап 
айтқанда мектеп директорымен өзіңіздің жобаңыздың пайдасы жайлы кеңесіңіз. 
• Деректерді жинаудың қандай тәсілін қолдансаңыз да, Сіз жұмыстың мақсаты мен 
нәтижелерін пайдалану әдістерін толық түсіндіруіңіз керек. Барлық оқушылардың 
келісім бергеніне қайта көз жеткізіңіз. 
• Сұхбат немесе пікірталастың кез келген жағдайында, үшінші тараптың (оқушылардың, 
әріптестердің) жеке өмірі мен беделін қорғау қалай қамтамасыз етілетіндігі жайында 
айқын хаттамалар белгіленеді. 
• жасырындылық қағидатына сәйкестікті ескеріңіз. Кей жағдайларда өз жұмысын таны-
ту мақсатында мектеп немесе мұғалімдер бұл қағиданы бұзуы мүмкін. 
• Сұхбат беруші (оқушылар, әріптестер, басшылық) Сіздің зерттеуіңіз туралы пікір ала 
алатындығын қадағалаңыз. 
• Зерттеуіңіз оқушылардың қызығушылықтарына мейлінше сай өткізілуін қадағалаңыз. 
Бұл ұсыныстарды қоспағанда, Сіз өз зерттеуіңіздің этикасын анағұрлым кең мағынада 
қарастыра аласыз. Зерттеу өткізу және бағдарлама талаптарын қанағаттандыру мақсатында, 
Сіз әріптестеріңізді және/немесе оқушыларыңызды өзіңізбен ынтымақтастықта жұмыс 
істеуге жұмылдыра аласыз, бірақ сіз шақырғыңыз келетіндер үшін де, мектеп үшін де Сіздің 
жобаңыз тиімді бола ала ма? Мысалы, шешім қабылдауға қолдау көрсету үшін мектеп пайдалы 
дереккөздермен қамтамасыз етіле ме немесе өз пікірлерін білдіргеннен оқушыларға пайда 
бола ма.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет