Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет139/299
Дата23.08.2023
өлшемі11,77 Mb.
#105489
түріБағдарламасы
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   299
Рефлексиялаушы 
практик (мұғалім)
– өзінің оқыту және оқу тәжірибесін дамыту, өзгерту және жетілдіру 
әдістерін мұқият және үнемі ойластырып жүретін педагог.
Рефлексиялық есеп
– теориялық материал туралы қажетті біліммен нығайтылған, тәжірибелік іс-
әрекетін терең талдаумен бірге жүретін мұғалімнің тәжірибелік іс-әрекетінен 
алынған мысалдар жазылған құжат. рефлексиялық есеп өз тәжірибесіне 
қатысты мынадай сұрақтарға жауап беруді көздейді: 
Неліктен осындай 
жағдай орын алды немесе алмады? «Кемшіліктерімді» қалай «жетістікке» 
айналдырамын? Келешекте іс-тәжірибемді қалай жақсартамын?
Сабақты зерттеу 
(Lesson Study) тәсілі
- мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған 
ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Бұл тәсіл ХІХ ғасырдың 70-ші 
жылдарында жапонияда негізі қаланған.
Сабақты зерттеуге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, 
өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттауды бірлесіп жүзеге асыратын 
мұғалімдер тобы қатысады. Сабақты зерттеудің циклін өткізген соң 
мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп, 
кейіннен ашық Сабақты зерттеу, таныстырылым өткізу, баспада жариялау 
арқылы әріптестеріне таратады. Қазіргі кезде оқыту әдістемесін жетілдіру, 
оқушылардың бастауыш және орта мектептегі негізгі пәндер бойынша 
білім деңгейін арттыру, сондай-ақ тұжырымды педагогикалық тәсілдерді 
жасау мақсатында жапониямен қатар Сингапур, Гонконг, Қытай, аҚШ, 
Ұлыбритания, Швеция және Канадада ойдағыдай қолданылады.


127
Синхронды емес 
оқыту
– ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ресурстарды қолдану 
арқылы оқыту мен оқу нысаны. Бұл үдеріс барысында мұғалім/оқытушы 
мен білім алушы арасындағы байланыс уақыт жағынан кешеуілдетіп жүреді. 
Синхронды емес оқыту оқытудың сындарлы теориясына негізделген, ол білім 
алушыларға өздерінің білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеке 
оқу бағытын өз бетінше қалыптастыруға мүмкіндік беруді көздейді. Сонымен 
қатар синхронды емес оқыту білім беру бағдарламасының жекелеген пәндерін, 
сондай-ақ оларды оқу реттерін таңдауда еркіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет