64
Білім алуда тәуелсіздікті қамтамасыз ету оқуды даралаудың
шешуші критерийі болып
табылады. Кейбір оқу модельдерінде мұғалім оқу үдерісінде өте басым позицияда болады.
Мұғалім оқу мақсаттары мен оларды іске асырудың нақты тәсілдерін таңдайды; тапсырманы
орындау барысында оқушыны бағыттап отырады; тапсырманың орындалу мерзімі мен
жұмыстың ұзақтығын басқарады, күтілетін нәтижелерді анықтап, оқушылардың оқу үдерісін
бағыттап, кері байланыс ұсынады. Осындай типті жүйеде оқушы мұғалімге тәуелді болады.
Керісінше болған жағдайда, оқушы жұмыстың жеке құндылығын айқындап, оқудың мақсаты
мен мазмұнын белгілейді, жұмыстың мерзімі мен орындалу ұзақтығын, сондай-ақ нәтижесі
қандай бола керектігін анықтайды. Мұндай жүйеде оқушы үшінші тұлғалардың басқаруынан
тәуелсіз болады. екі тәсілдің де артықшылықтары бар және оларды белгілі бір жағдайларға
қолдануға болады.
Бірақ оқушылар есейіп, білімнің күрделенуіне және кәсіби қызметке
тартылуына байланысты тәуелсіздікке қажеттіліктері артады.
Қарқынды дамып жатқан өмір жағдайында үздіксіз білім алу қажеттігі бізден тәуелсіз
оқи білу қабілетін талап етеді. Сондықтан жаңа кезеңдерден өтуіне
қарай басқа адамдарға
тәуелділігін қысқарта алған оқушылар ең нәтижелі оқушы болады. Тәуелсіз оқушылар тәсілдер,
құндылықтар, дағдылар және білім кешенімен қаруланады, және де бір нәрсені үйрену қажет
болған кез келген жағдайда оны іске қоса алады. есейген сайын оқушы тәуелсіздікті көбірек
қажетсінеді; оқытудың әрбір кезеңін оқушы тәуелді жағдайда бастайды, содан соң (қолайлы
жағдайда) мұғалімнің қолдауымен және мадақтауымен дербестік пен тәуелсіздіктің жоғары
деңгейіне көтеріледі. Өзін-өзі басқарудағы метатанымдық қабілеттер тәжірибеге қарай және
уақыт өте жақсарады деп ойлағанымыз дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: