Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Табысты оқыту мен табысты мұғалім



Pdf көрінісі
бет7/299
Дата23.08.2023
өлшемі11,77 Mb.
#105489
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   299
Табысты оқыту мен табысты мұғалім
Оқытудың сындарлы теориясына негізделген Бағдарлама табысты мұғалімнің алдына 
оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Табысты 
оқытудың маңызды факторы мұғалімнің 
оқушының тақырып мәнін өз бетінше меңгеруін 
түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де 
қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай 
жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп
қабылдайды. Сондықтан мұғалімде Шульман «үш көмекші» (Shulman, 2007) деп атаған 
қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болып саналады (1-кесте).


10
1-кесте.
 Шульман ілімі
Мұғалімнің 
көмекшілері
(Shulman, 2007)
Табысты мұғалімге тән белгілер
Бас
Кәсіби түсінік
Оқыту мен оқу, сондай-ақ жеке тұлға ретінде оқушылар туралы тұғырлы теориялық 
базаға негізделген, жеткілікті білімнің болуын талап етеді. Сондай-ақ тәжірибені 
түсіну, дамыту/жетілдіру үшін дәлелдер/зерттеулер нәтижелерін қалай қолдану 
керектігін білуді көздейді.
Қол
Оқытудың тәжірибелік дағдылары
Бұл мамандық техникалық және тәжірибелік дағдыларды, әртүрлі әдістер мен 
тәсілдерді білуді, яғни білім алу жолдарын көрсету, түзету және бағамдау сияқты 
түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, идеяларды түсіндіре білуді талап етеді. 
Сонымен қатар мұғалім ынталандыру, көтермелеу, шектеу жолдарын, жекелеген 
сабақтар мен тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау және оларды бағамдау 
әдістемелерін меңгеру қажет.
жоғарыда аталған білімдер мен дағдылар болған жағдайда, мұғалім сабақ үстінде 
оқушылардың оқуға ынтасын арттырып, тиісті және одан да жоғары деңгейлерге 
қол жеткізуге ұмтылатындай қолайлы орта қалыптастырып, оның тұрақтылығын 
қамтамасыз етері анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет