Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Сын тұрғысынан ойлауға үйрету



Pdf көрінісі
бет29/299
Дата23.08.2023
өлшемі11,77 Mb.
#105489
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   299
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету
«Сын тұрғысынан ойлау» деген сөз тіркесінде қолданылатын «сын тұрғысынан» деген 
термин ойдың мәселені немесе проблеманы шешу үдерісіне шоғырлануын білдіреді. Бұл 
тұрғыдан алғанда 
сын 
сөзі «мақұлдамау» немесе «теріске шығару» дегенді білдірмейді. Сын 
тұрғысынан ойлау пайымдау, тұжырым жасау немесе проблеманы шешу үдерісі жүрген 
барлық жағдайларда, яғни неге сенуге болады, не істеу керек және бұны ойластырылған әрі 
рефлексиялық тәсілмен қалай істеуге болатындығын анықтау қажет болған жағдайлардың 
барлығында орын алады.


31
Сын тұрғысынан ойлау «
ойлау туралы ойлану
» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді 
талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Мұғалімдер педагогикалық білімі 
бар және қосымша оқып, өз біліктілігін арттырушы субъектілер болғандықтан, оларда бұл 
дағдылар дамыған және іс-тәжірибеде қолданылады деп болжанады.
Сын тұрғысынан ойлау
 
– Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып 
табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің 
де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. 
Тарихи шолу
Сын тұрғысынан ойлаудың тамырын сонау сократтық дәстүрге дейінгі 2500 жыл бұрынғы 
дәуірден көруге болады, сол кездің өзінде беделді негізде алынған білімді тексеру үшін жетекші 
сұрақтарды пайдалану қалыптасқан: олар тиімділік, нақтылық пен логикалық сабақтастықтың 
талаптарына жауап бере ала ма деген сауалды ортаға тастайды. Қазіргі әлемде сын тұрғысынан 
ойлау қазіргі заманғы жұмыс күшінің ойлау дағдыларынан күтілетін үміт пен оған қойылатын 
талаптарды қанағаттандыру деңгейін анықтау құралы ретінде қаралады. ХХ ғасырда осы 
проблеманы Франкфурт сыни әлеуметтік теория мектебі қарастырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет