Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет85/299
Дата23.08.2023
өлшемі11,77 Mb.
#105489
түріБағдарламасы
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   299
ЖҰМЫС ҚҰРАЛДАРЫ
Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды пайдалану
ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (бұдан әрі - аКТ) дамуы білімді бағалау 
және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда 
қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. Мысал үшін 
Ұлыбританияда мұғалім мамандығын таңдап алған бүгінгі жастардың, өздерінің болашақ 
оқушылары сияқты, жеткілікті дәрежеде сандық сауаты бар, себебі олар өмір жағдайларының 
барлық аспектілерінде жаңа технологияның бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сандық 
технологиялармен үнемі өзара әрекеттесетін ұрпақ өкіліне жатады. аКТ оқушыларға ғылыми 
ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, 
мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту 
барысында осы технологияларды ойланып қолдану қажет. Осы тарауда ұсынылған ақпарат 
мұғалімдерге оқыту барысында ғылыми жетістіктерді пайдалану, оқыту мен оқуды жетілдіру 
мақсатында жаңа сандық технологияларды қолдану бойынша көмек көрсетуге арналған.
Тарихи шолу
Бекта (2003) сыныпта аКТ-ны жоғары деңгейде пайдалануға байланысты оқудың бірталай 
жақсарғандығын байқаған. Соған қарамастан, зерттеу нәтижелері жалпы әсердің әртүрлі 
екендігін, әрі аКТ қандай жағдайда неғұрлым нақты ілгерілеуге әкелетіні түсініксіз екенін 
көрсетіп отыр. Оқуды қолдайтын ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың бірқатар 
сипаттамалары анықталды (Kennewell and et al., 2008), алайда сонымен бірге аКТ көп 
жағдайларда оқуға кедергі келтіретіні анықталды (Birnbaum, 1990). аКТ оқушыларды танымдық 
және метатанымдық тапсырмаларды орындауға қатыстыруға ынталандыра алатындығының 
дәлелдері жеткілікті (Сох, 1997). Дегенмен бұл ынталандыру барлық пәндер бойынша үлгерімді 
жақсартуға әкелмеуі де мүмкін. Кокс пен Уэбб (2004) атап өткендей, аКТ ықпалы мұғалімнің 
пәндік білімінің деңгейіне, педагогикалық ұстанымдарына, оқытудағы тәсілдеріне, сондай-ақ 
олардың өзіне сенімді болуы және ол құралдарды пайдалану құзырлылығына байланысты. 
аКТ бүкіл әлемде көптеген мұғалімдердің күнделікті жұмысына еніп кетті, әсіресе проекторы 
мен интерактивті тақталары бар техникалық жасақталуы мықты мектептердің өзі неге тұрады 
(Kennewell and Beauchamp, 2007). алайда техникалық құралдардың болу фактісі оқыту мен 
оқудың техникалық емес құралдарының көмегімен жетістікке жетуге болатын аспектілер 
бойынша оқуды жақсартуға және үлгерімді арттыруға кепілдік бере алмайды (Beauchamp, 
2006). Сондықтан аКТ-ны пайдаланғаннан нәтиже болуы үшін мұғалімдер ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды есепке ала отырып, өздерінің педагогикалық білімдерін 
дамытуға тиісті (Mishra and Koehler, 2006) және мұғалімдердің осы технологияны пайдаланудағы 
құзыреттілігі мен сенімділік деңгейімен үйлесуі керек (Kennewell and Beauchamp, 2007).
Мишра мен Келер (2006) егер де жаңа технологиялар оқыту мен оқуды жетілдіру 
үдерісін түрлендіретін болса, онда сабақтарды жоспарлау үдерісінде пәндік білім мен оқыту 
технологиялары сабақтасып жатуы керек дейді. Бұдан басқа Мишра мен Келер мұғалім білімнің 
барлық үш саласын байланыстыруға қабілетті, олар шеберліктің жеткілікті жоғары дәрежесіне 
ие және кәсіби тәжірибелері мол деп бағалайды. Бұдан әрі зерттеушілер осындай мұғалімдер 
зертханада жұмыс істейтін практик ғалымдармен, бағдарламашылар, технологиялық 
сарапшылармен немесе жаңа технологияларды қолдану саласындағы білімі кемшін түсіп 
жататын тәжірибелі мұғалімдермен салыстырғанда, оқыту мен оқуда аКТ-ны қолдануда асқан 
ептілік танытады деп қорытады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет