Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет83/299
Дата23.08.2023
өлшемі11,77 Mb.
#105489
түріБағдарламасы
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   299
дағдылардың 
кейбіреуі 
рефлексиялық оқыту тұрғысынан 
қолданылады:
проблемаларды мойындап, оларды шешудің тиімді құралдарын іздеу;
• басымдықты белгілеудің маңыздылығын және міндеттерді шешуде олардың басым 
мәнін түсіну;
• тиісті ақпаратты жинақтау мен сұрыптау;
• нақты және түсінікті сипаттама беру;


77
• айқындалмаған жорамал мен құндылықтарды мойындау;
• шешім қабылдап, дәлелдемелерді бағалау үшін нәтижелерді өз бетінше түсіндіру;
• шынайы қорытындылар мен жалпылаулар жасау;
• қол жеткізілген тұжырымдар мен жалпылауларды қуаттау;
• алынған тәжірибенің негізінде ұстаным модельдерін түзету.
Баланың не үйренгені туралы сын тұрғысынан ойлау
рефлексиялық оқытуға балалардың үйренгендері жайында сын тұрғысынан ойлауы кіреді. 
Бұл олар көрсеткен сын тұрғысынан ойлау жолдары мен дағдыларын зерттеуді, жазып алуды 
және бағалауды талап етеді. Бұл қабілеттер мен дағдылар оқу үдерісіндегі белгілі бір дәлелдерді 
талқылап, қарастыруды қажет ететін тапсырмаларды орындау барысында көрініс береді. 
Бұл арқылы олар, мәселен, саяхатшылар мен көлік туралы біледі, өйткені бұл адамдардың 
өмір жолын тілге тиек ете отырып, қажеттіліктерді танып-білуге құрылған немесе тарихтағы 
өзгерістер мен үздіксіз ізденістер туралы біліп, адамның әлеуметтік-экономикалық өміріне 
әсер ететін қоршаған орта мен технологияның арасындағы қарым-қатынастармен танысу 
мүмкіндіктеріне ие болады.
Сонымен қатар гуманитарлық ғылым мен социологияның кез келген аспектісін, мысалы, 
балалық шақ пен отбасы, тамақ, аспаздық ілімі мен тағамдар, киім мен дүкенге бару, бос уақыт 
пен спорт, музыка мен ойын-сауық сияқтылар мәселелерді талқылауға болады.
Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауының негізгі ерекшеліктері:
Ұтымдылық
: ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу; үзілді-кесілді жауаптарды іздеудің 
орнына сұрақтар қою; дәлелдерді талап етіп, кез келген дәлелді есепке алып отыру; эмоцияға 
емес, себепке негізделу (бірақ төменде айтылатын өзін-өзі тануға қатысты эмоция да болуы 
ықтимал).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет