Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет118/280
Дата14.10.2023
өлшемі4,87 Mb.
#114477
түріБағдарламасы
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   280
Байланысты:
Руководство для учителя ЛУШ

108
БАҒАЛАУ ҮДЕРІСІ
«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасының мазмұны «Қазақстан Республи-
касы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасында» бекітілген 
мұғалімдерді бағалау критерийлеріне сәйкес келеді. Бұл критерийлер тәжірибелі және табы-
сты практик, рефлексия жасауды білетін және әріптестерінің дамуына қолдау көрсете алатын 
мұғалімдерге қатысты қолданылады. 
«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасының басым бағыттары:
• оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің маңызын түсіну және түйсіну;
• коучинг және тәлімгерлік жүргізу арқылы тиімді оқытуды дамыту мен жүзеге асыруда 
әріптестерге қолдау көрсету.
Бірінші 
«Бетпе-бет» кезеңінде
мұғалімдер оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері тұрғысынан 
әріптестерге 
коучинг және тәлімгерлік
жүргізу әдістерімен танысатын болады. Сондай-ақ 
оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізіп, осы өзгерістер туралы рефлексия жасау 
жолдарымен танысады.
«Мектептегі тәжірибе» кезеңінде мұғалімдер өз сыныбы аясында оқыту тәжірибесіне 
өзгеріс енгізеді, олар оны бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде жоспарлайды; әріптестерінің 
шағын тобымен
коучинг сабақтарын
өткізетін болады. Коучинг тақырыбы әріптестерімен 
талқыланып, солардың сұранысына негізделеді және «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» 
бағдарламасының жеті модулінің біріне немесе бірнешеуіне сәйкес келуі тиіс. Мұғалім коу-
чинг сабақтарында ұсынылған идеяларға екпін жасай отырып, тәжірибені жақсарту үшін өз 
әріптестерінің бірін 
тәлімгерлікке алады
.
«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасының 
соңғы аптасында
мұғалім өз 
тәжірибесіне өзгеріс енгізу барысында не үйренгені туралы рефлексия жасайды, талқылайды 
және қағазға түсіреді. Сонымен қатар, мұғалімдер «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде жүргізген 
коучинг пен тәлімгерлік үдерісі туралы рефлексия жасайды, талқылайды және қағазға түсіреді. 
Қорытынды «Бетпе-бет» кезеңінде мұғалімдер «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» 
бағдарламасының екі бағытына қатысты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   280




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет