14
сақталған жағдайда мектептерде бұл өзгерістерге қол жеткізу өзекті әрі қажетті деп қаралуға
тиіс.
Инновацияларды енгізген кезде білім беру саласының басшылары оның түбегейлілік,
өзектілік, айқындаушылық сипатына, бүкіл білім беру жүйесін өзгерте алатындығына сеніп,
негізінен «
Нені енгізу қажет
» деген мәселеге басымдық береді. Бұл сұрақтың жауабы ретінде
қалыптастырушы бағалауды енгізуді, шағын жинақталған сыныптарды ашуды, оқытудың, атап
айтқанда бүкіл әлемде тиімді қолданылып жүрген заманауи тәсілдерін қолдануды атауға бола-
ды. Біліктілікті арттыру курстары аясында мұғалімдерге, объективтік факторларға қарамастан,
жергілікті жерлерде белгілі бір инновациялық тәсілдер мен әдістерді іске асыру тапсырылады,
содан кейін мектеп басшылығы сыныпта шұғыл өзгерістерді күтеді. Инновацияның қажеттігінің
шынайы себептерін анықтамай тұрып, бұл инновацияны енгізу әсері неліктен, қандай жағдайда
және қалайша алынады деген сұрақтардың жауабын анықтап алмай, Ұлыбритания мен АҚШ-
тың мектептерінде көптеген бастамалар сіңісе алмады.
Бағдарламаның мазмұны сұрақтарды төмендегі ретпен қою арқылы құрылымдалып, өзгеше
тәсілге негізделген:
Неліктен
біз біздің оқыту тәсілдерімізді өзгертуге тиіспіз
, содан кейін
мәселені шешуге бағытталып:
Біз мұны
Достарыңызбен бөлісу: