Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


-кесте.  Шульман ілімі Мұғалімнің үш көмекшісі



Pdf көрінісі
бет9/280
Дата14.10.2023
өлшемі4,87 Mb.
#114477
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   280
Байланысты:
Руководство для учителя ЛУШ

1-кесте.
 Шульман ілімі
Мұғалімнің үш көмекшісі 
(Shulman, 2007)
Табысты мұғалімге тән белгілер
Бас
Кәсіби түсінік
Оқыту мен оқу, сондай-ақ жеке тұлға ретінде оқушылар туралы 
тұғырлы теориялық базаға негізделген, жеткілікті білімнің 
болуын талап етеді. Сондай-ақ тәжірибені түсіну, дамыту/
жетілдіру үшін дәлелдер/зерттеулер нәтижелерін қалай қолдану 
керектігін білуді көздейді.
Қол
Оқытудың тәжірибелік дағдылары
Бұл оқытуды іске асыру, түзету және бағалау барысында 
түйінді кәсіби идеяларды түсіндіре білудің техникалық және 
тәжірибелік дағдыларын, әртүрлі әдістер мен тәсілдерді білуді 
талап етеді. Сонымен қатар ынталандыру, көтермелеу, шектеу, 
сабақтарды, сондай-ақ оның жекелеген кезеңдерін жоспарлау 
және оқушыларды бағалау әдістемелерін меңгеру қажет. 
Жоғарыда аталған білімдер мен дағдылар болған жағдайда, мұғалім 
сабақ үстінде оқушылардың оқуға ынтасын арттырып, тиісті 
және одан да жоғары деңгейлерге қол жеткізуге ұмтылатындай 
қолайлы орта қалыптастырып, оның тұрақтылығын қамтамасыз 
етері анық.
Жүрек
Кәсіби-адамгершілік тұтастық
Мұғалімдер ұстаз мамандығының этикалық және моральдық 
құндылықтарын ұстанады. Демек, олар шыншыл, батыл, төзімді, 
оқушыларға аяушылық, мейірім және құрмет көрсете білетін 
әділ адамдар. 
Мұғалімдер – өз мамандығын сүйетін, балаға білім беру құнды 
қызмет екенін түсініп, осыған қатысты нақты ұстанымдары 
қалыптасқан жандар, олардың бұл ұстанымдарын осы 
мамандықтың басқа иелері де бөліседі.


11
Сапалы және табысты оқыту жайында тұжырым қалыптастыру
Оқытудың сапасын 
екі тәсіл
арқылы анықтауға болады. 
Бірінші тәсіл
бойынша, бағалау оқу қызметінің нәтижесіне байланысты болмай, мұғалімнің 
іс-әрекетінің тәжірибе талаптарына сәйкестігін, яғни – мұғалім жұмысының тиімділігін, 
оқушылармен өзара байланысының сипаты мен жиілігін анықтау мақсатында жүргізіледі. 
Бұл жағдайда баға мұғалім жұмыс істейтін оқушыларға байланысты қарастырылып, оқыту 
үдерісіне тәуелді болмайды. 
Оқыту сапасын бағалаудағы 
екінші
тәсіл жай ғана кәсіби міндеттерді жауапкершілікпен 
орындағаннан гөрі, көбірек күш
-
жігерді талап ететін сапалы әрі табысты оқытуға ерек-
ше көңіл бөледі. Табысты оқыту білім беру үдерісіне тәуелді болғандықтан, оқытудың шын 
мәнінде жүзеге асырылуы мен құзіреттілік, шеберліктің деңгейі қаншалықты екенін де сара-
лай білу қажет. Сонымен қатар оқушылардың жай
-
күйі мен әлеуметтік ортасының сипатын, 
мүмкіндіктерінің дәрежесі мен қолжетімділік деңгейін білу қажет. Осыған байланысты сынып 
туралы мәнмәтіндік мәлімет қажет болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   280




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет