Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет8/280
Дата14.10.2023
өлшемі4,87 Mb.
#114477
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   280
Байланысты:
Руководство для учителя ЛУШ

тиімділік 
деген сөздің мағыналық анықтамасы нақты емес, екіұшты бо-
лып шығады. Осы сияқты «
мұғалім жұмысының сапасы
» да – күрделі феномен, оның мазмұны 
мен өлшем құралдары жайында бірыңғай пікір жоқ. Мұғалім жұмысының тиімділігін анықтау 
өлшемі жөнінде түрлі пікірлер бар: ол мұғалімнің жетістіктері (біліктілігі т.б.), оқыту үдерісі 
(оқыту әдістері т.б.), оқыту нәтижесі (оқушының білім алуына ықпал ету т.б.) немесе жоғарыда 
аталған барлық факторлардың жиынтығы болуы мүмкін деген ойлар да айтылуда.
Оқытудың қандай жолы қолданылса да, «оқыту тиімділігі» ұғымына қатысты 
қарастырылатын екі түрлі көзқарас бар. Біріншіден, оқушының жеке тұлға және әлеуметтік ны-
сан ретіндегі келешегі, екіншіден, оқытудың оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас 
нәтижесі ретінде қарастырылуы. 
Мұғалімнің қызметін бағалау барысында бағалаушы белгілі бір факторлар жиынтығын 
пайдалана отырып, «
сапа
» деген ұғымды өзінше түсіндіріп беретіндігін ұғыну қажет.
Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары 
жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу 
кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл үдеріс оқушының өз болжамдары-
на күмәнмен, сыни тұрғыдан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы 
өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Оқытудың бұл түрінде 
оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау 
арқылы белсенді түрде білім жинақтайды. Мұғалім оқушылардың оқуына қолайлы жағдайлар 
жасап, оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, ал оқушылар өз 
кезегінде пән бойынша өз түсініктерін арттыру іс-әрекеттеріне ынталы болғаны абзал.


10
Табысты оқыту мен табысты мұғалім
Оқытудың сындарлы теориясына негізделген «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» 
бағдарламасы мұғалімнің алдына ең алдымен оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу 
жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Сапалы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің 
оқушының тақырып мәнін өз бетімен меңгеруін 
түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. 
Себебі оқытудағы сындарлы тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осы-
лайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне 
сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Сондықтан 
мұғалімде Шульман «үш көмекші» (Shulman, 2007) деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана 
оқыту табысты болып саналады (1-кесте).
Табысты оқыту білім алуға мүмкіндік беретін нақты жағдайларды жасаумен қатар, сол 
жағдайлардың өзімен тығыз байланыст. Табысты мұғалім оқушыларға, ортаға және ресурстарға 
лайықтап нақты кезеңде қолданылуы тиімді оқыту элементтерін «реттеп» отырады. Расында, 
оқытудың сапалы және табысты болуы белгілі бір деңгейде мұғалімнің қалыптасып отырған 
жағдайларға бейімделе алуына да тығыз байланысты.
Табысты оқыту – мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байла-
ныс болып табылады, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге 
асырылады. 
Табысты оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу 
мүмкіндіктерінің бірлігі
ретінде қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   280




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет