Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


білім беру қоғамдастығының бір бөлігі



Pdf көрінісі
бет6/280
Дата14.10.2023
өлшемі4,87 Mb.
#114477
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   280
Байланысты:
Руководство для учителя ЛУШ

білім беру қоғамдастығының бір бөлігі 
ретінде қарастыруын қажет ететіндігіне назар аударады (Bolam, McMahon, Stoll et al., 2005). Бұл 
тәсілдің аясында көшбасшы-мұғалім ұсынған зерттеулер мен инновацияларға негізделе оты-
рып, мұғалімнің тәжірибесі жетілдіріледі (Frost and Durrant, 2003). Кәсіби біліктілік пен білім 
жай ғана қабылданбайды, мұғалімдер оны өз қолымен жасайды. Адамгершілік мақсаттағы 
мұғалімдер өздерінің әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету үшін, көшбасшылық 
қасиеттерін көрсетеді. Олардың көңілінде үнемі талапқа сай оқыту тұрады (Frost, 2011). 
Әріптестеріне ықпал ету үшін, сондай-ақ оқыту мен оқудың дамуына қолдау көрсету үшін 
құзырлы мұғалімдер коучинг пен тәлімгерлікке жүгініп, басқа мұғалімдердің идеяларын 
жүзеге асыруға қолдау көрсетіп, өз тәжірибелерін зерделеумен айналысады. 
«Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасы құзырлы мұғалімдердің кәсіби білімі мен түсініктерін 
дамытуға бағытталған болса, «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасы осы 
мазмұнға қосымша басқа мұғалімдердің дамуына кәсіби қолдау көрсету үшін, мұғалімдердің 
коучинг және тәлімгерлікті жүргізу дағдыларын дамытуды мақсат етеді.
«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасы ғылыми зерттеулер кешенінің 
нәтижелеріне негізделеді. Сонымен қатар, мұнда ұсынылған түсініктер мен тәсілдер еңбек жо-
лын жаңа бастап жатқан мұғалімдердің, тәжірибелі ұстаздардың, сондай-ақ тәлімгерлер мен 
коучтердің көп жылғы тәжірибесіне негізделген.


8
«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасының теориялық 
негіздері
Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал 
оқыту әдістемелері арасында 
сындарлы оқыту теориясына
негізделген тәсіл кең тараған 
(Hattie, 2009).
Бұл бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сын-
дарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Сындарлы оқыту теориясы оқушылардың ой-
лауы олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дереккөздерден, 
мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла дамиды деген 
тұжырымға негізделеді. Сындарлы оқыту теориясының тиімділігін жақтаушылардың басым 
бөлігі оны дайын білімді беруге негізделген оқыту тәсілдерімен салыстыра қарап, дайын білім 
беруге негізделген оқыту тәсілдерінің білімді меңгеру былай тұрсын, олар бойынша терең 
түсінік қалыптастырып, бастапқы білімді жаңа біліммен өзара байланыстыруға да мүмкіндік 
тудыра бермейді деп санайды. 
Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың 
жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық есте сақтау, 
үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте 
сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән-мағынасы 
терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту аяқталған соң немесе емти-
хан біткен соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде тиімді пайдалана алмайды. 
Сындарлылық теориясына негізделген оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну 
қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана 
білуін қамтамасыз ету.
Сындарлы оқыту теориясы оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз 
сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай 
ұйымдастыруын талап етеді. Мұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша 
білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре ала-
тындай, пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырылып 
құрылады. Мұғалім қызметіндегі маңызды басымдықтар:
- жекелеген оқушылардың сабақ тақырыбын қабылдау ерекшеліктерін 
түсінуге ұмтылуы
;
- оқушылардың білім-түсініктерін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен 
жұмыс 
жүргізу қажеттігін ұғынуы;
- кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін 
жете түсінуі.
Сындарлы оқытудың
 
жоғарыдағыдай сипатталып, түсіндірілуі мұғалімнің ой-пайымы мен 
негізгі көзқарастарын, сондай-ақ сол көзқарас, пікірге қатысты бірқатар баламалы шешімдерді 
білуін қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   280




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет