Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


ортақ мақсат қоя отырып, реформа жүргізу жөніндегі стратегиялық жоспарларды іске асыру  үшін ұйытқы болған. Басшылық етуші топтар



Pdf көрінісі
бет113/298
Дата15.11.2023
өлшемі11,77 Mb.
#123757
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   298
Байланысты:
МАН-1

104
ортақ мақсат қоя отырып, реформа жүргізу жөніндегі стратегиялық жоспарларды іске асыру 
үшін ұйытқы болған.
Басшылық етуші топтар 
реформа жүргізу бағытында орындалатын жұмыстарды 
бағыттайды, басқарады және бақылайды. Басшылық етуші топтар әдетте кәсіби қоғамдастықты 
жақсарту жөнінде жоспар құру үшін жауапты болады. Сондай-ақ бұл топтар қоғамдастық 
қорларының бөлінуін және пайдаланылуын бақылайды әрі мүдделі адамдарды тартады.
Үйлестіруші топтар 
кәсіби қоғамдастықтың әртүрлі бөлімдері арасындағы қызметті 
реттейді. Үйлестіруші топтар мектептер арасындағы және кәсіби қоғамдастық ішіндегі 
бірлесіп өткізілетін іс-шараларға қатысты шешім қабылдайды.
Дамытушы топтар 
кәсіби қоғамдастықтың даму жоспарларында басым сала ретінде 
белгіленген салаларда оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіру әдістеріне назар аударады. 
Дамытушы топтар оқу бағдарламаларын әзірлеп, оқытудың жаңа стратегияларының 
қабылдануына қолдау көрсету арқылы кәсіби қоғамдастықты дамытуға өз үлестерін қосады. 
Тиімді кәсіби қоғамдастықтар жоспардың болуын және адал көшбасшылық пен басқаруды 
талап етеді. Осы зерттеу (NCSL, 2006) кәсіби қоғамдастықтың сәттілігі (әсіресе жаңа құрылған 
кезде) жетекші рөл атқаратын адамдардың ұстанымдарына, қажырлығы мен күш-жігеріне 
байланысты болатынын көрсетті.
Кәсіби қоғамдастықтан тыс серіктестік
Білім алушылар қоғамдастығына қатысушы-мектептерден тыс серіктестік іздестіру не үшін 
керек? Бұның көптеген себептері бар. атап айтқанда, білім алушылар қоғамдастықтары өздері 
білім алып, сонымен бірге алған білімдерімен басқа жергілікті кәсіби қоғамдастықтармен 
бөлісуге тиіс. Білім беру жүйесінің жергілікті басқару органдары бұлардың арасындағы 
қарым-қатынасты ұйымдастыруға көмектесе алады. Сондай-ақ кәсіби қоғамдастық жергілікті 
қажеттіліктерді және басымдықтарды біріктіруі мүмкін. жақсы қарым-қатынас орнатылған 
жағдайда жергілікті билік органдары мамандандырылған кәсіптік тәжірибеге қол жеткізуді 
қамтамасыз етіп, басқа да жергілікті органдармен ынтымақтастық орнату арқылы кәсіби 
қоғамдастық қызметіне қолдау көрсете алады.
Қосымша пайдалы білімді жоғары оқу орындарынан алуға болады, олар зерттеулер мен 
ғылыми жобаларға қолдау көрсетіп, бағалау мәселелерін шешуге көмектесіп, жеке кәсіби 
дамуды қамтамасыз етуде қол ұшын созып, тәлімгер/тәуелсіз сарапшы ретінде көмектесе 
алады.
Кәсіби қоғамдастықтан тыс «тәуелсіз сарапшының» болуы кәсіби қоғамдастықтың 
дамуына:
• кәсіби қоғамдастық көшбасшыларына кеңес беру және қолдау көрсету;
• міндеттер қою және «топтық ойлаудан» арылуға жәрдемдесу;
• кәсіби қоғамдастық ішінде жүргізілетін зерттеулердің және ғылыми жобалардың 
бірізділігін (әсіресе жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық) қамтамасыз ету;
• кәсіби қоғамдастық шеңберінен тыс жаңа идеялар мен білімге қол жеткізуді қамтамасыз 
ету арқылы қолдау көрсете алады.
Білім алушылар қоғамдастықтары ұзақ уақыт бойы бірлесіп жұмыс істеу және ғылыми 
қызмет арқылы ересек адамдарға толыққанды білім алуға мүмкіндік жасайды және оқуға 
ынталандырады. Олар практикалық тәжірибеге жекелеген мектептердің аумағынан тыс 
таралуға мүмкіндік беріп, мұғалімдер мен мектептің өзге қызметкерлеріне оқуға және 
ынтымақтасуға, инновациялар енгізуге және зерттеу нәтижелерін жұмыс барысында қолдануға 
септігін тигізеді. Бірлесіп атқарылатын мықты, пәрменді іс-қимылдар:
• бірлескен зерттеу топтарын;
• кәсіби даму жөніндегі бірлескен іс-шараларды (мысалы, әртүрлі мектеп қызметкерлерінің 
кездесулері);


105
• жоспар бойынша басқа мектептерге жұмыспен баруды (мысалы, кәсіби қоғамдастық 
ішіндегі «оқыту мақсатындағы сапарлар»);
• бірлескен тренингтер мен тәлімгерлікті (мысалы, Сабақты зерттеу топтары);
• бірлескен жұмыс топтарын (мысалы, жобалау топтарын, жоспарлау топтарын) қамтиды.
Кәсіби қоғамдастық ішінде жүзеге асырылатын барлық оқыту бүкіл қатысушы-мектептердің 
«атынан» өткізілуге тиіс. Осылайша ересек адамдардың бір тобы жаңа дағдыларды немесе 
білімді меңгерген жағдайда, аталған топтар алған нәтижелерімен басқа мектептермен бөлісуге 
тиіс, сол арқылы екіншілер де осы дағдылар мен білімнен пайда алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   298




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет