Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет67/298
Дата15.11.2023
өлшемі11,77 Mb.
#123757
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   298
Байланысты:
МАН-1

Алтыншы мәселе: 
Белгілі бір уақыт ішінде жұмыс істеуге арналған материалдың көлемі 
шектеулі болуы керек.
Жетінші мәселе: 
Мұғалімдер оқушылардың өз идеялары туралы рефлексия жасап, оларды 
ойластыруды ынталандыру арқылы алған білімдерін қорытындылап талдауға көмектесуге тиіс.
Мұғалімдер оқуды бағалаумен (жиынтық бағалау) қатар, оқу үшін бағалауды 
(қалыптастырушы бағалауды) пайдаланғанда, бағалау оқудағы аса пайдалы құралға айналады. 
Оқу үшін бағалау – оқушылар белгілі бір уақыттың ішінде өз білімдерінің деңгейін өздері 
бағалайтын, кейін мұғалімдермен бірге өзін-өзі жетілдіру жолындағы келесі қадамдарын 
айқындайтын үдеріс. ашық сауалдар, бір-біріне өзінің оқу мақсаттары туралы айтып беру 
сияқты әдістер оқушылардың өз біліміне белсенді қатысу қабілетіне қатты әсер етеді. егер 
бұл тиімді іске асырылса, оқушыларда рефлексия жасауға жеткілікті уақыт қалады. Оқушылар 
жұппен де, жеке де өз білім деңгейлерін бағалауға және оған қалай жеткенін түсінуге мүмкіндік 
алады. Олар өзін және бір-бірін бағалайды, бұл тақырыпты тереңірек түсінуге ықпал етеді. 
Оқушылар өзінің оқу үлгерімінің деңгейін біледі және алға қойған мақсаттарына қарай 
жылжиды.


63
Оқушылар оқшауланып оқымайды. Бүгінгі таңда «
білім алушылар қоғамдастығы
» деген 
ұғым өзекті болып отыр, онда оқушылар да, мұғалімдер де өздерін 
білім алушылар
деп 
есептейді. Оқушылардың арасында бірлескен жұмыс, бір-бірін қолдау, топтық рух мадақталады. 
Олар топпен жұмыс істеп, онда тыңдау, дене қимылдары, келіспеушілікті құрметпен білдіру 
қабілеттеріне назар аударылады. Бұл философия одан ары оқуда нық тұру үшін қажетті өзін-
өзі құрметтеумен және өзін-өзі басқаруды дамытумен сипатталады; нәтижесінде тәуелсіз және 
ойшыл, өмір бойы оқуға қабілетті тұлға қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   298




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет