62
Оқу мазмұны мен тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлаудың үйлесімділігі
Мұғалімнің оқушының оқу үлгерімін ғана емес, түсініп оқуын ескеретін оқу үдерісі
материалды терең игеруге ықпал етеді. Тестілеу барысында оң нәтижеге жету үшін материалды
меңгеруді ғана көздейтін «тактикалық оқу» – қалай оқу керектігін үйренудің салыстырмалы
түрде алғанда «мұзтаудың су бетіндегі бөлігіндей»
ғана мәнге ие
(17-сурет).
17-сурет.
Оқу тактикасы және нәтижелерді бағалау
Өз пәнін білетін мұғалімдер пәнді оқушылардың өз түсінігі мен пікірі қалыптасатындай
етіп бере алады. Олар пәннің логикасы мен оқушыларға тиімді қарқынмен мағынаны ұғындыру
әдістемесін түсінеді.
Осылайша, оқушылар өз дағдыларын қолдануды үйренеді, сондай-ақ
пәннің құрылымы мен мазмұнына тереңдейді. Олар пәннің негізін құрайтын қағидаттар мен
басты идеяны түсінеді. Бұл үшін оқыту тәсілдерін қолдану қажет, осының арқасында оқушылар
оқу жоспарына енген пәндерінің «өзіндік ландшафттарын» зерттеуге қабілетті болады. Бұл
қоршаған ортаға бейімделуге ұқсайды: Сіз аумақты зерделеп, қандай ресурстардың қолжетімді
екенін және бұл ресурстарды өз қызметіңізде өнімді пайдалану жолдарын білетін боласыз.
Білімге бағдарланған оқу ортасында
мұғалімдер үстірт оқуға емес, терең білім алуға
ынталандырады. Мұндай оқу барысында оқушылар ойлауға түрткі болатын түсініктемелер
жасап,
жетекші сұрақтар қояды, сондай-ақ өз идеялары мен жолдастарының идеяларын
талдай отырып, проблемаларды шешу жолдарын баяндайды.
Оқушылар тәуекелге барудан
қорықпайды, керісінше, олар үшін «тұйыққа тірелу» – жаңаны білу жолындағы кезекті қадам.
Достарыңызбен бөлісу: