Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет84/298
Дата15.11.2023
өлшемі11,77 Mb.
#123757
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   298
Байланысты:
МАН-1

Сыңаржақтылықтың болмауы
: барлық қорытындыларды бағалау; болжамды 
көзқарастар мен мүмкіндіктердің барлығын қарастыру; баламалы интерпретацияларға ашық 
болуға ұмтылу.
Пайым
: дәлелдердің деңгейі мен маңызын мойындау; балама жорамалдар мен 
мүмкіндіктердің орынды екендігін немесе артықшылығын мойындау.
Тәртіп
: тиянақты, нақты және жан-жақты болу (барлық дәлелдерді есепке алып, барлық 
көзқарастарға көңіл бөлу).
Өзіндік сана-сезім
: өзіміздің эмоциямыз бен көзқарасымыздың, сеніміміз бен 
болжамдарымыздың субъективті екенін сезіну.
жалпы сын тұрғысынан ойлайтын оқушылар 
белсенді 
болады, олар сұрақ қойып, 
дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады; олар 
ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге 
сенбейді

мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке 
ашық болады
.
Төменде берілген құрылымды өзіңіздің оқытуыңыз бен баланың оқуы жайында сын 
тұрғысынан ойланып-толғануда да қолдануға болады:
1. Балаларды оқыту үдерісін бақылау нәтижесінде алынған дәлелдемелермен танысыңыз.
2. Тапсырмалар мазмұнын құрайтын оқу мақсатын түсініңіз.
3. Оқу мақсаттары мен ол мақсаттарға жету үшін оқушылар атқаратын жұмыстардың 
әдістері мен олардың жетістіктері арасындағы қарым-қатынастарға талдау жасаңыз. 
4. жеке оқушылардың көрсеткен түрлі деңгейдегі түсініктері мен дағдыларын 
салыстырыңыз.
5. Барлық сынып көлемінде көрсетілген іс-әрекеттің нәтижесі туралы ойлану үшін өз 
зерттеулеріңіз бен осы ақпарат көздерін біріктіріп, жинақтаңыз.
6. Балаларға білім беруге қатысты қызметтің шартты түрдегі табысы немесе күйреуі 
туралы қорытынды жасап, бағалаңыз.
7. Бұл сыни бағалаудан алған түсініктеріңізді келесі тапсырмалар мен жобаларды 
жоспарлауда пайдаланыңыз.


78
8. Дәлел келтіріп, тұжырымдамалар мен қорытынды шығару үшін сын тұрғысынан 
ойлаудың пайдаланылуын негіздеңіз, сондай-ақ мұны қоғамдық ғылымдарды оқыту 
мен оқуда қалай қолдануға болатынын анықтаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   298




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет