Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет128/298
Дата15.11.2023
өлшемі11,77 Mb.
#123757
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   298
Байланысты:
МАН-1

ЖҰМЫС ҚҰРАЛДАРЫ
Кәсіби қоғамдастық құру жөніндегі қысқаша нұсқаулық
1. Бұқаралық ақпарат құралдары 
(вебсайттар, жарнамалық аңдатпалар, ақпараттық 
бюллетеньдер, хабарландыру тақталары) маңызды рөл атқарады, бірақ олардың көпшілігі, 
әсіресе, бастапқы кезеңде диалог орнатуға арналған уақыт пен кеңістікке тәуелді келеді. 
Диалогті:
жергілікті тұрғындар;
• топтарды конференцияларға тарту (оның ішінде бірлескен сапарлар);
• оқыту мақсатындағы сапарды ұйымдастыру;
• түскі семинарлар;
• әріптестермен (әріптестер арасында) мақсатты диалогтар ұйымдастыру/өткізу арқылы 
құруға болады.
Бұл орайда біліктілікті арттырудан өту күндерін белгілеу арқылы аталған шараларды 
қызметкерлер мен директор арасындағы кездесулер сияқты шаралардың орнына өткізуге 
болады.
Басқа ұсыныстар:
• электрондық жарнамалық аңдатпаларды тарату мен электрондық хат алмасуды ынта-
ландыру;
• телефон байланыстары желілік қоғамдастығын құру;
• бейнеконференцияларды кеңінен пайдалану.
егер Сіз жаңа коммуникациялық жүйе құрумен айналысып жүрсеңіз, оны кері байланыс 
тізбектері түрінде құруға тырысыңыз. егер жүйеде жауап беру тетігі болса, Сіз хабарламаларды 
жақсырақ қарап, оларды бағалап отыруға мүмкіндік аласыз.


118
Кейбір идеялар мен үдерістер өте күрделі болып келеді. Модельдер мен графикалық 
кескіндерді жасау арқылы Сізде ақпаратты түсінікті, қолдануға ыңғайлы тұрде ұсынуға, 
идеяларды зерделеуге және қолжетімді түрде жеткізуге мүмкіндік туады.
2. Тексерістер мен бастапқы іс-шаралардың да пайдасы бар. 
Олар неден бастау 
қажеттігін нақты тұжырымдап, кейін қандай жетістікке жететінімізді айқындауға көмектеседі. 
Қандай сәттер маңызды әрі мағыналы екендігін анықтап алып, оларға тексеру жүргізіңіз. Сіз 
үшін ненің құнды екенін айқындаңыз.
Басқа ұсыныстар:
бұқаралық оқу топтары;
• тұрақты түрде өткізілетін таныстырылымдар, ынталандырушы семинарлар;
• зерттеу жүргізу айлары;
• бірлесіп оқу күндері;
• бір-бірінің мектебіне барып таныстырылым өткізу;
• сауалнама нәтижелері бойынша есеп жазу кезінде қолдау көрсету, мысалы, бірлескен 
жазбаша семинарлар.
Нәтижелер мен бастапқы деректердің сапасы қоғамдастық ішінде және кәсіби 
қоғамдастықтан тыс та сенімділік болып, орнықты дамуда маңызды рөл атқарады. Нәтижелерді 
бағалаңыз, бірақ олар бойынша дау туған жағдайда жауап беруге дайын болып, сапасын 
бақылау мақсатында бұл мәселеге терең ойланып қараңыз. Ынтымақтастық реттеудің тиімді 
стратегиясы болып табылады. Басқарушы топ немесе мектеп директорының тобына арнап 
редакциялау рөлін енгізіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   298




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет