Пайдалану жөніндегі нұсқаулық Сандық мультиметр



бет1/7
Дата02.10.2024
өлшемі3,7 Mb.
#146559
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
мультметр нұсқаулық


Пайдалану жөніндегі нұсқаулық

Сандық мультиметр


Мазмұны


  1. Қауіпсіздік техникасы 3

  2. Жеткізу жиынтығы 4

  3. Аспаптың мақсаты 4

  4. Аспаптың ерекшеліктері мен артықшылықтары 4

  5. Аспаптың құрылысы 5

    1. Жалпы құрылысы 5

    2. Басқару түймешіктері 6

  6. Аспаппен жұмыс істеу 6

    1. Айнымалы және тұрақты кернеуді өлшеу 6

    2. Кедергіні өлшеу 7

    3. Электр тізбектерін тексеру 8

    4. Диодтарды тексеру 8

    5. Тұрақты токтың күшін өлшеу 9

    6. Температураны өлшеу 10

    7. Аспаптың өзге де функциялары 10

  7. Батареялар мен сақтандырғыштарды ауыстыру 11

  8. Техникалық сипаттамалар 12

  9. Кепілдік міндеттемелері 16

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық аспаппен қауіпсіз және тиісінше жұмыс істеу жөніндегі мәліметтерден тұрады. Аспапты қолданар алдында нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың ұсынымдарын бұзу немесе ұқыпсыз орындау аспаптың бұзылуына немесе пайдаланушының денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.

1. Қауіпсіздік техникасы


  • Жұмыс басталар алдында аспаптың жарамдылығына көз жеткізіңіз. Егер аспап корпусы зақымдалған болса, құрал дұрыс жұмыс істемесе немесе дисплейде кескін-сурет болмаса, пайдалануды тоқтатып, RGK сервистік орталығына хабарласыңыз.

  • Оқшаулаудың жағдайына ерекше назар аударыңыз.

  • Егер өлшеу сымдары зақымдалған болса, оларды тек сол типтегі немесе сондай электр сипаттамалары бар сымдарға ауыстыру қажет.

  • Өлшеу процесінде жалаңаш өткізгіштерге, ажыратқыштарға, мультиметрдің пайдаланылмайтын ұяларына және зерттелетін тізбектің элементтеріне тимеңіз, жанаспаңыз.

  • Тұрақты кернеу 60 В-тан немесе айнымалы кернеу 36 В-тан (орташа квадраттық мән) асатын кернеуді өлшеу кезінде электр тоғымен зақымдануды болдырмау үшін саусақтарыңызды өлшеу сымдарында қорғаныш тосқауылдарының артында ұстаңыз.

  • Егер өлшенетін кернеу шамасының тәртібі алдын ала белгісіз болса, өлшеудің ең жоғары шегін таңдап, одан кейін оны дәйекті түрде төмендетіңіз.

  • Ешқашан аспаптың кірісіне көрсетілген шекті мәндерден асатын кернеу мен токты мәндерін бермеңіз.

  • Өлшеу диапазонын ауыстырмас бұрын өлшеу сымдарының зерттелетін тізбектен ажыратылғанына көз жеткізіңіз. Өлшеу процесінде өлшеу шектерін ауыстыруға қатаң тыйым салынады.

  • Аспапты тек мақсаты бойынша пайдаланыңыз, керісінше жағдайда пайдалану қауіпсіздігі бұзылуы мүмкін.

  • Аспап корпусын ашпаңыз, аспапты өзіңіз жөндеуге немесе модификациялауға тырыспаңыз. Аспапты жөндеуді тек RGK сервистік орталығының білікті маманы ғана жүргізуі тиіс.

  • Температурасы мен ылғалдылығы жоғары, электромагниттік өрісі күшті жерлерде, жарылыс қаупі бар және отқа қауіпті ортада өлшегішті сақтамаңыз және пайдаланбаңыз.

  • Аспаптарды тазалау үшін абразивтерді, қышқылдарды немесе еріткіштерді пайдалануға тыйым салынады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет