Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет21/298
Дата15.11.2023
өлшемі11,77 Mb.
#123757
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   298
Байланысты:
МАН-1

Мнемоника
Кез келген кiтап дүкеніне барсаңыз, есте сақтауды жақсарту үшін мнемониканы пайдаланып 
өз-өзін жетілдіру жайында жазылған көптеген кітаптарды көре аласыз. Loci әдісі (орын 
әдісі) – есте сақтағыңыз келетін ақпаратты танымал жерлермен байланыстырып елестетуге 
негізделген ең белгілі мнемоникалық әдіс. Осылайша, Сiз өз үйiңiздің бөлмелерінде жүрiп, 
әртүрлi сөздер тiзiмiн бөлменiң ерекше белгiсiмен байланыстырып еске сақтауға тырысыңыз. 
Мысалы, «алма» деген сөзді айтқанда Сiз қонақ бөлмеде диванда домалап жатқан алманы 
елестете аласыз. Үйіңіздің барлық бөлмелерін қайтадан «аралап шығып», сөздердің барлық 
тізімін есіңізге түсіре аласыз. Loci әдiсін қолданушы адамдар зерттеуге берілген 50 сөздiң 90 
пайызынан астамын бір рет оқып шыққаннан кейін есте сақтауға болатынын көрсеттi.
америкалық жазушы және есте сақтау бойынша чемпион атанған Джошуа Фоер өзінің 
«Эйнштейнмен айда серуендеу» кітабында Loci әдісінің анағұрлым айқын жолын ойын 
карталарын есте сақтау үшін қалай пайдаланғанын суреттейді. Мысалы, «Кіреберісте мен 
«шошқаны сойып» отырған құрбым Лизді көрдім…» (қарға екі, кірпіш екі, қарға үш – осы үш 
карта бірге түссе, «шошқа» деп аталады). Бірнеше затты белгілі бір орынмен байланыстыруға 
мүмкіндік беретін Фоер әдісі оған 2006 жылы өткен аҚШ чемпионатында есте сақтау бойынша 
рекорд орнатуға көмектесті, мұнда ол 52 картаны 1 минут 40 секундтың ішінде есте сақтады.
Loci сияқты әдiстерді біз кездесулерді, туған күндерді, маңызды тапсырмаларды және соған 
ұқсас мәселелерді оңай есте қалдыру үшін қолданамыз. Фоер мысалында көрсетілгендей
мнемониканың маңызы өте жарқын визуалды образдарды құру болып табылады. Сіз 
нақтылайтын бөлшектерді анағұрлым көбірек қолданған сайын және әрекетіңіз мейлінше 
қисынсыз және креативті болған сайын, Сіздің табысқа жету жолындағы мүмкіндігіңіз де 
ұлғая түседі.
Алып шығу тәжірибесі
Тәжiрибе көрсетіп отырғандай, білетін ақпаратыңызды бірнеше қайтара тексеру есте 
сақтаудың сапасын едәуір жақсартады. жады мәселесіндегі ұлы зерттеуші Эндель Тулвинг 
«алып шығу тәжірибесі» деп аталатын тәсілдің артықшылықтары туралы білгендердің 
алғашқыларына жатады. Бірқатар эксперименттерге қатысушылар үш жағдайда сөздер тізімін 
жаттады: стандартты (жаттау, тест, жаттау, тест), қайта жаттау (жаттау, жаттау, жаттау, тест) және 
қайта тестілеу (жаттау, тест, тест, тест). Қайта жаттау тобына қайта тестілеу тобына қарағанда 
сөздермен жұмыс істеуге үш есе көп уақыт берілді. егер үйрену тек қана жаттау үдерісінде 
болса, онда олар сөздерді жақсы есте сақтайды деп күтіледі. Бiрақ Тулвинг таңдалынған 
жаттау тәсіліне қарамастан, барлық топтардың нәтижелері бірдей екендігін байқады. Десек те, 
нақтылап оқу стратегиясы қолданылса да, қайта оқуға қарағанда қайта тестілеу жақсы нәтиже 
беруі мүмкін.
Күнделікті сабақтарда тестілерді пайдалану үшін ғалымдар тестілеудің маңызын атап 
көрсетуге ұмтылған. америкалық психологтар Джефф Карпике және роди редигер шетел 
тілдерін оқудың ең тиімді тәсілін зерттеген. Олар оқу барысындағы қайта тестілеу бір аптадан 
кейін өткізілген емтиханда лексиканы 80%-ға дейін есте сақтауға және оны қайталап айтып 
беруге алып келгендігін, ал тілді оқу жөніндегі нұсқаулықтарда пайдаланылатын дәстүрлі 


23
стратегиялар есте сақтаудың 30%-ға төмендеуін көрсеткендігін анықтады. Зерттеушілер 
қатысушылардан өздерінің жетістіктерін болжауды сұраған кезде, соңғылар бұл әдіс оларға 
соншалықты басымдық береді деп ойламаған.
аталған факті студенттердің емтиханға даярланатын кезінде өзін-өзі тексеруді сирек 
қолданатынын көрсеткен өзге зерттеулермен сәйкес келедi. Өзін-өзі тексеру пайдаланылған 
жағдайда көбінесе ол материалдың ұзақ уақытқа сақталуын жетілдіру үшін емес, білім көлемін 
бағалау үшін қолданылады. Мүмкін, қайта тексеруге қарағанда қайта оқуға қойылатын 
талаптар жеңіл болуы екінші әдістің жиі таңдалуына себеп болатын шығар. алайда, зерттеу 
нәтижелері білім беру барысында қайтадан «алып шығу» тәжiрибесі арқылы оқыту тәрізді 
белсендi әдістерге негіздей оқыту толымды нәтиже беретіндігін көрсетіп отыр (Simons, 2012).
Түйіндеме
. Білім берумен тығыз байланысты салаларда танымдық нейроғылым қарқынды 
дамуда. алайда, қазіргі заманғы ғылым мен оны сабақта тікелей қолдану арасында іргесі 
ажыраған «
құз-шыңырау
» бар. Көптеген ғалымдар бұл аралықтағы бос кеңістікті жою әлі ерте 
деп дау тудыруы мүмкін. Бұған қарамастан Кембридж университетінің Госвами және Саймонс 
сияқты зерттеушілері «құз жиектерін жалғастыратын көпір тұрғызу» үшін әрекет етуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   298




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет