II ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Этникалық және әлеуметтік процестер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Тақырып Этностардың пайда болуы туралы теориялар. Этносаралық қатынастар: проблемалары және қарама-қайшылықтары. Этносаралық қатынастар: бейбіт өзара әрекеттестіктің тәсілдері. Социогенез туралы теориялардың алуантүрлілігі
Оқу мақсаты10.2.1.2 Тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін «этнос», «этногенез», «ұлт» ұғымдарын қолдану
10.2.2.2 Ұлтаралық қақтығыстардың пайда болуының себеп-
салдарлық байланысын анықтау
10.2.2.4 Ұлтаралық қатынастарды реттеудегі халықаралық ұйымдардың рөлін талдау
10.2.3.2 Социгенездің әртүрлі теорияларын жүйелеу және тұжырымдау
Бағалау критерийіБілім алушы «Этнос», «этногенез», «ұлт» ұғымдарын тарихи оқиғалар, процестер мен құбылыстарды түсіндіруде қолданады
Ұлтаралық қақтығыстардың пайда болуының себеп-
салдарлық байланысын көрсетеді
Ұлтаралық қатынастарды реттеудегі халықаралық ұйымдардың рөлін анықтайды
Социгенездің әртүрлі теорияларын жіктейді және қорытындылайды
Ойлау дағдыларының деңгейлері Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. «Этнос», «этногенез», «ұлт» ұғымдарын қолданып, кестеде берілген терминдердің мағынасын жазыңыз.
Термин Терминнің мағынасы Ассимиляция Көпұлтты мемлекет Этникалық процесстер Ұлтаралық интеграция Ұлттық мемлекет
2. Суреттерді пайдаланып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Қандай этникалық қақтығыс бейнеленген? Ұлтаралық қақтығыстың қысқа мерзімді себебі неде?