63
Оқушылар оқшауланып оқымайды. Бүгінгі таңда «
білім алушылар қоғамдастығы
» деген
ұғым өзекті болып отыр, онда оқушылар да, мұғалімдер де өздерін
білім алушылар
деп
есептейді. Оқушылардың арасында бірлескен жұмыс, бір-бірін қолдау, топтық рух мадақталады.
Олар топпен жұмыс істеп, онда тыңдау, дене қимылдары, келіспеушілікті құрметпен білдіру
қабілеттеріне назар аударылады. Бұл философия одан ары оқуда нық тұру үшін қажетті өзін-
өзі құрметтеумен және өзін-өзі басқаруды дамытумен сипатталады; нәтижесінде тәуелсіз және
ойшыл, өмір бойы оқуға қабілетті тұлға қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: