Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет70/298
Дата15.11.2023
өлшемі11,77 Mb.
#123757
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   298
Байланысты:
МАН-1

ЖҰМЫС әДІСТЕРІ
Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау. 
Қалыптастырушы бағалау
Кіріспе
Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша 
түрде баға қою арқылы бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында тек қана 
объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, 
сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, 
қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады.
Александер, 2001
Бағалау – 
оқу дәлелдері жоспарлы және жүйелі жинақталатын және де оқу сапасы туралы 
қорытынды қабылдау үшін қолданылатын кез келген қызметті сипаттайтын ұғым. Бұл ұғым 
бағалаудың екі аспектісін көздейді: оқуды бағалау (
жиынтық бағалау
) және оқу үшін бағалау 
(
қалыптастырушы бағалау
). Бағалаудың түрлі нысандары олардың оқуды жақсарту әлеуеті 
тұрғысынан сипатталған және бағаланған. Сондықтан да осы модуль оқу үшін бағалау, сондай-
ақ оқуды критериалды бағалауды зерделеуге бағытталған.
Модуль мұғалімдерге:
• бағалаудың түрлі нысандарын түсінуге;
• бағалау түрлерінің барабар мақсаттарын анықтауға және негіздеуге;
• бағалаудың формалды және формалды емес жүйелерін анықтауға/бағалауға;
• әркімнің оқу сапасын жақсарта алатынын/ алмайтынын түсіндіруге көмектеседі.


66
Тарихи шолу
Балалар білім беру ұйымдарында оқып жатқан барлық қоғамда оқушылардың мектепте 
оқытылатын идеяларды игеру деңгейін анықтау үшін және/немесе оқушылар тобы үшін 
барынша оңтайлы болып табылатын оқудың немесе жұмыстың кезеңдерін анықтау үшін 
белгілі бір бағалау нысандары қолданылады. Осындай бағалау адамдардың тиісті кезеңдегі 
білімі мен түсінігін бағалау үшін оқу бағдарламасының белгілі бір кезеңдерінде жүзеге 
асырылады. Бұндай бағалауды «жиынтық» бағалау деп атауға болады, өйткені ол оқушының 
алдын ала әзірленген критерийлерге (критериалды бағалау) сәйкес анықталған, болмаса қалған 
оқушылардың білімімен салыстыру нәтижесінде анықталған (нормативке негізделген бағалау) 
білімін жиынтықтайды. 1990 жылдан бастап Ұлыбритания мектептерінде бағалаудың екінші 
түрі кеңінен таныла бастады, бұл «қалыптастырушы бағалау» немесе «оқу үшін бағалау» 
(бұдан әрі - ОүБ) ретінде белгілі болды. Бұл бағалау оқуды жақсарту үшін мұғалімдерді, 
оқушыларды және басқаларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін 
оқуды ағымдық бағалау 
дегенді білдіреді.
Білім беру саласындағы мұғалімдер мен саясаткерлер ортасында зерттеу нәтижелерін 
таныту мақсатында 1989 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Ұлыбритания ғалымдарынан 
тұратын Бағалауды реформалау Тобы (Assessment Reform Group) 1999 жылы «Оқу үшін 
бағалау» деген кітапша жариялады. Осы уақыттан бастап ОүБ тұжырымдамасы кеңінен 
таныла бастады. Осы кітапшаның негізгі мәтіні Бағалауды реформалау Тобы ұйымдастырған 
Пол Блэк пен Дилан Уильямның (1998a, 1998b) зерттеулеріне шолу ретінде ұсынылған. Шолу 
1987-1997 жж. аралығында білім берудің көптеген аспектілері бойынша және пәндік салалар 
бойынша өткізілген әлемдік зерттеулерді қарастырды. Блэк пен Уильям 250 зерттеуге талдау 
жасап, оның 50 зерттеуіне айрықша назар аударған, себебі бұл зерттеулерден ОүБ тәжірибесін 
пайдалануға негізделген «араласудан» кейін үлгерімнің жақсарғандығының дәлелдерін 
көруге болады. Бұл жетістіктер жаңағы айтылған «араласуға» дейін және одан кейін жиынтық 
тестілермен өлшеніп, әсер коэффиценті 0,4-тен 0,7-ге дейін жеткен. Бұл орайда 0,4-ке тең әсер 
мөлшері орташа оқушының 2-ші кезеңнің белгіленген деңгейінің ортасына дейін жылжуына 
ықпал еткен; ал 0,7 әсер мөлшері оқушылардың белгіленген деңгейдің төрттен үшіне жылжуын 
қамтамасыз еткен. Сонымен қатар, зерттеулерде оқу үлгерімі төмен оқушылардың көрсеткіші 
айтылғаннан да жоғары болған, бұл көптеген мұғалімдер мен саясаткерлердің ОүБ тәсілінің 
өзектілігі мен маңыздылығы туралы пікірлерін өзгертіп, бұл әдіске қызығушылық білдіруіне 
түрткі болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   298




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет