Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет72/298
Дата15.11.2023
өлшемі11,77 Mb.
#123757
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   298
Байланысты:
МАН-1

• қадағалау;
• алынған мәліметтердің 
интерпретациясы
;
• бұдан арғы іс-әрекетті анықтауға бағытталған 
қорытынды
.
Қадағалау
Қадағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, 
сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет. 
Сыныптағы әдеттегі іс-әрекетті, яғни, балалардың өзара әңгімесін тыңдап, тапсырманы 
орындап отырған оқушыларды 
қадағалау 
немесе олардың орындаған сынып және үй 
жұмыстарын тексеру бірталай ақпарат беруі мүмкін, бірақ кей жағдайларда қажетті ақпаратты 
алудың ерекше ойластырылған тәсілін қолдану керек болуы мүмкін. жазбаша тапсырма 
немесе тест жоғарыда айтылған мақсаттарды іске асыра алады, бірақ кей жағдайларда дұрыс 
таңдалған ауызша сұрақтың өзі де тиімді болып шығуы мүмкін. Оқушының сұрақтарға берген 
жауаптары бақылануы керек. Басқа сөзбен айтқанда, бағалайтын тұлға алынған мәліметтердің 
мәнін анықтай білуі қажет.
Интерпретация
Интерпретация 
қызығушылық тудыратын мәселелерге, мәселен, ерекше дағдылар, 
көзқарастар немесе оқыту түрлеріне қатысты жүргізіледі. Мұндай өлшемдерді көбінесе 
критерий 
деп атап, оларды оқу мақсаттарына немесе міндеттеріне жатқызады. Әдетте, бағалау 
бөлігі ретіндегі қадағалау алдын ала қалыптастырылған өлшемдер бойынша жүргізіледі, бірақ 
кейде мұғалімдер жоспарланбаған өзара әрекеттесушілікті немесе нәтижелерді бақылайды және 
өткенді шолу өлшемдерін қолданады. интерпретацияның көмегімен мінез-құлықты сипаттауға 
немесе түсіндіруге талпынуға болар; немесе мінез-құлыққа қарап логикалық қорытынды 
жасауға болады, мысалы, бала айтқан нәрсе оның миында болып жатқан құбылыстың нәтижесі 
болып табылады. Осыған байланысты интерпретацияны кейде 
логикалық қорытынды 
деп 
атайды.
Қорытынды
Мәліметтерді интерпретациялау негізінде қорытынды жасалады, ол бағалауды көздейді. 
Бұл кезеңде бағалау үдерісі түрлі мақсаттарға және алынған ақпарат қолданылатын міндеттерге 
байланысты әртүрлі нысанда жүруі мүмкін.
Оқуды бағалау
Оқу үшін бағалауға 
қарағанда, 
оқуды бағалаудың мақсаты
, керісінше, оқушы қазіргі 
уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Негізінен, ол тікелей келешек оқытуға 
үлес қосуға бағытталмаған, оның үстіне ұлттық бірыңғай тестілеу сияқты маңызды мәні бар 
тестілеу оқу үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін (Assessment Reform Group, 2002b). Оқуды 
бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормалармен немесе бірдей жастағы 
оқушылар тобының қол жеткізген деңгейімен ара-қатынасы салыстырылған соң қорытынды 
жасалады. Мұндай қорытындылар стандартқа немесе әдетте балл немесе деңгей түрінде 
келтірілген межелікке «
сәйкес/сәйкес емес
» деген нысанда жасалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   298




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет