БағалаудыРеформалау Тобы (2002а) оқу үшін бағалауға мынадай анықтама береді:
Оқу үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын,
қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін
оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.
Берілген анықтаманың маңызды элементтерінің бірі оқушылардың деректерді қолдануына екпін жасауы болып табылады. Бұл жерде мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға
болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін
бағалауға тартылуы қажет, әрі мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, бұл үдеріске
оқушылар да белсенді қатысуы керек.
Талпынғандар ғана білім ала алады. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды
үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы
алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты
және ықыласпен әрекет етуді қажет етеді. аталған тұжырым оқыту мен оқу тәжірибесі үшін
өте маңызды да, өзекті.