Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Жақын арадағы даму аймағында



Pdf көрінісі
бет132/508
Дата06.01.2022
өлшемі11,77 Mb.
#11716
түріБағдарламасы
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   508
Байланысты:
Руководство для учителя ЛУПС

Жақын арадағы даму аймағында» (жаДа) жұмыс 
істесе,  танымдық  дамудың  жақсаратындығын  атап  көрсеткен.  жаДа  оқушы  дамытатын 
дағды  мен  қабілеттер,  өз  бетімен  жасай  алмайтын  тапсырмалар  көлемін  айқындайды.  Бұл 
тапсырмаларды орындауда, оқушыларға жаңаны үйренуде тірек болатын ересектердің көмегі 
немесе қолдауы керек. Бұл қолдау қарым-қатынасты қамтиды және де Выготский бұл жағдайда 
оны оқытудың негізгі құралы деп есептейді.
Выготскийдің оқу моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. 
Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі 
ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары 
мен  мұғалімдері  болуы  мүмкін,  диалог  жүргізу  мүмкіндігі  болған  жағдайда,  оқу  жеңіл 
болмақ. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі болмағанымен, жаДа аясында 
қарастырылғандықтан оқу табысты болмақ. 
Выготскийдің  оқуда  сөз,  сөйлеу  негізгі  рөл  атқаратындығы  туралы  пікірі  тәжірибеге 
негізделген (эмпирикалық) зерттеулермен дәлелденген. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты 
қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс оқудың мұғалімді 
селқос тыңдағанда ғана емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау 
және дәлелдеу барысында да жүзеге асатынын көрсетті. Кейінірек Мерсер және Ходжкинсон 
(2008)  зерттеулері  Барнстың  ертеректегі  жұмысына  негізделе  құрылып,  оқу  барысындағы 
диалог атқаратын негізгі рөлге назар аударуды мақсат етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   508




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет