Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


білім беру қоғамдастығының



Pdf көрінісі
бет18/508
Дата06.01.2022
өлшемі11,77 Mb.
#11716
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   508
Байланысты:
Руководство для учителя ЛУПС

білім беру қоғамдастығының 
бір бөлігі ретінде қарастыруын талап етеді (Bolam, McMahon, Stoll et al., 2005). Бұл тәсілдің 
аясында  көшбасшы-мұғалім  ұсынған  зерттеулер  мен  инновациялар  негізінде  мұғалімнің 
тәжірибесі жетіледі (Frost and Durrant, 2003). Кәсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды, 
мұғалімдер оны өз қолымен жасайды. адамгершілік мақсатты көздейтін мұғалімдер өздерінің 
әріптестері  мен  айналасындағыларға  әсер  ету  үшін,  көшбасшылық  қасиеттерін  көрсетеді. 
Олардың  көңілінде  үнемі  талапқа  сай  оқыту  тұрады  (Frost,  2011).  Әріптестеріне  ықпал  ету 
үшін, сондай-ақ оқыту мен оқудың дамуына қолдау көрсету үшін табысты мұғалімдер коучинг 
пен тәлімгерлікке жүгініп, басқа мұғалімдердің идеяларын жүзеге асыруға қолдау көрсетіп, 
өз  тәжірибелерін  зерделеумен  айналысады.  егер  Үшінші  деңгей  бағдарламасы  табысты 
мұғалімдердің  қасиеттерін,  икемдіктері  мен  жұмыс  тәртібін  дамытуға  бағытталған  болса, 
екінші деңгей Бағдарламасы берілген мазмұнға қосымша, өз әріптестеріне ықпал етуге қажетті 
тәлімгерлік дағдыларын дамытуды мақсат етеді. Бұларға қоса Бағдарлама әріптестеріне бүкіл 
мектеп жағдайында коучингті іске асыруды үйрететін көшбасшыларды дайындауға арналған.
Бағдарламаның  осы  нұсқаулығы  жоғарыда  көрсетілген  ғылыми  зерттеулер  кешеніне 
негізделеді. Сонымен қатар мұнда ұсынылған түсініктер мен тәсілдер еңбек жолын жаңа бастап 
жатқан мұғалімдердің, тәжірибелі ұстаздардың, сондай-ақ тәлімгерлер мен тренерлердің көп 
жылғы тәжірибесіне негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   508




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет