12 НЕЛІКТЕН БАҒДАРЛАМАОҚУ ТәЖІРИБЕСІН ӨЗГЕРТЕ АЛАДЫ ДЕП САНАйМЫЗ? Білім беру мақсаттарына жетудегі мұғалімдердің кәсіби дамуы Осы Бағдарламадан күтілетін нәтижелер мұғалімдерді оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы,
сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық
танытатын оқушы қалыптастыруға даярлау болып табылады.
Мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесі басқару органдарының мұғалімдерді тиісті
ресурстармен қамтамасыз ету қызметінен гөрі, оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған
мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне
оң ықпал етеді (Barber and Mourshad, 2007). Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін
өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім (Strong, Ward & Grant, 2011).
Дүние жүзіндегі көптеген мұғалімдердің іс-тәжірибесінен тұрақты орын алған оқыту
жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізгі қағидаттарын қолдану орынды да нәтижелі
екендігін дәлелдейтін фактілер бүгінгі таңда ғылыми-педагогикалық әдебиетте жеткілікті
деңгейде кездеседі.
Табысты мұғалімдердің қасиеттері, икемдіктері және олардың жұмыс тәртібі туралы
зерттеулерден білуге болады. Біз сонымен қатар бұндай қасиеттер мен жұмыс тәртібін
мұғалімнің кәсіби дамуындағы қандай мүмкіндіктер дамытатындығы туралы да көп білеміз.
Зерттеулерден көрініп отырғандай, кәсібилік мұғалімнің өзін