Оқыту мен оқудағы әдістерді не үшін өзгерту қажет? Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер (2-сурет) әлемдік білім беру жүйесін
қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы
саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты,
маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі – ол
да маңызы жағынан біріншіден еш кем емес: «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?». Қазақстан республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру
курстарының бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) мазмұны осы
екінші мәселені шешуге бағытталған.