Пайым оқушылардың жас ерекшеліктері тұрғысынан Бұл бөлімде біз пайымдаудың үш түрін: ұқсастық бойынша пайымдау, моральдік пайымдау
және зерде теориясын қарастырамыз.
Ұқсастық бойынша пайымдау Ұқсастық бойынша ойлау қабілеті – адамның санасы және білім алуы үшін аса маңызды.
Ұқсастық бойынша пайымдау – проблемалармен табысты жұмыс істеуге мүмкіндік беретін
жоғары деңгейлі дағды, білімді жаңа жағдайларға орайластыру және әртүрлі мәнмәтіннен
алынған түрлі ақпаратты пайдалану арқылы оқу қабілеті (Chen et al., 1997; Gentner & Holyoak,
1997; Goswami & Brown, 1990; Richland et al., 2006).
Мұның алдында қарастырылған зерттеушілер балалар ұқсастық бойынша пайым жасай
алмайды деп есептеген. Мысалы, Пиаже формалды оперативтік кезеңіне дейін ұқсастықтың
классикалық проблемасын шешуге қажетті байланысты орнату үшін балалардың танымдық
қабілеттері жоқ деп есептеген (Inhelder & Piaget, 1958). Пиаже балаларға A:B::C:? суретті
тапсырма ұсынып, суретті жиынтықтан D-ны табуды сұрады. Ол балалардың проблеманы шешу
үшін негізінен, төмен деңгейдегі өзара байланысқа сүйенгенін, мәселен, С-мен байланысты
немесе С-ға ұқсас суреттерді таңдағанын анықтады (Piaget et al., 1977). Пиаже а – В және
C – D арасындағы деңгейі жоғары өзара байланысты анықтауға қабілеттердің болмауының
негізінде балалардың формалды оперативтік сатысына (шамамен 11 жас) жеткенге дейін
ұқсастық бойынша пайымдауға қабілетті болмайды деген тұжырым жасады. Бірақ, алдыңғы
зерттеулер балалардың ұқсастық бойынша пайымдау қабілетіне күмән туғызса да, соңғы
зерттеулер бұл пікірді теріске шығарды (бастауыш мектеп жасындағы балалар ұқсастық
бойынша тиімді пайым жасай алатынын көрсетті). егер үш жастағы балаларға проблеманы
шешуге қажетті байланыс таныс болса, онда олар A:B::C:D классикалық ұқсастықты дұрыс
орналастыра алады (Goswami & Brown, 1989). Чен және оның әріптестері (1977) 13 айлық
нәресте қолы жете қоймайтын ойыншықты алу үшін оған бұның модельденген стратегиясы
көрсетілген жағдайда, ол бұл білімін қолдана алатынын көрсетіп берді. Бұл ретте аталған
стратегия ұқсастық бойынша пайымдау өмірдің бірінші жылында қол жеткізілетін маңызды
жетістіктердің бірі бола алатынын меңзейді.