Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Қалай оқу керектігін үйрену



Pdf көрінісі
бет95/508
Дата06.01.2022
өлшемі11,77 Mb.
#11716
түріБағдарламасы
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   508
Қалай оқу керектігін үйрену
Кіріспе
«Қалай оқу керектігін үйрену» тарауы «өзін-өзі реттеу» үдерісіне жатады. Бұл үдерісте 
оқушылар 
метатану үдерісі арқылы түсіну, бақылау және оқу тәжірибесіне қадағалау жүргізу 
қабілеттерін дамытады. «Метатану» термині оқушылардың саналы білім алуы мен ойлауын 
дамытуға ықпал ететін бірқатар үдерістерге қатысты қолданылады (Flavell, 1976). Метатануға 
танымдық үдерістерді білу, түсіну және реттеу немесе танымдық үдерістерді қарастыру үшін 
танымдық үдерістерді қолдану, соның ішінде қатесін танып-білу және ойлауды бақылау деген 
анықтама беруге болады.
Тарихи шолу
Флейвелл  (1976)  өткізген  алғашқы  кең  көлемді  метатану  зерттеуінде  ерте  жастағы 
балаларға еске сақтауға арналған тапсырмалар берілді. Бестен жеті жасқа дейінгі оқушыларға 
зерттеуші белгілі ретпен бірқатар заттарды көрсетті. Он бес секундтан кейін балалардан осы 
реттілікті бұзбай еске түсіру сұралды. ересектеу балалар бір нәрсені есте сақтау қажет болса, 
ол үшін күш салу керек екендігін түсінді. Олар қайталау тәсілін пайдаланып, кезектілік ретін 
еске  сақтады.  ал  неғұрлым  кішірек  балалар  бұл  тәсілді  пайдаланбағандықтан,  еске  сақтай 
алмады.  Қайталау  қажеттігі  туралы  кеңес  алғаннан  кейін  ғана  олар  тапсырманы  дұрыс 
орындап шықты. Кеңес берілмеген жағдайда оқушылар білім алу уақытын өнімсіз (тиімсіз) 
пайдаланды. Флейвелл мұндай қабілеті жетіп тұрса да, «тәсілдерді пайдаланбауды» «өнімділік 
тапшылығы» деп сипаттайды (Whitebread, 2000).
Өз  жұмысының  нәтижесінде  Флейвелл  (1976)  метатануды  өлшеудің  үш  құрылымын 
(өлшемдерін) сипаттай отырып, балалар метатануының мониторингі мен талдауының негізін 
анықтады:
•  білім алушы тұлға ретінде өзі туралы білімі;
•  мақсаттар мен тапсырмаларды білу, түсіну және бағалау;
•  тапсырманы орындауға қажетті стратегияларды білу және оларды бақылау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   508




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет