113 Оқытуды басқару және көшбасшылық Дэвид Фрост, Кембридж университеті, Білім беру факультеті Мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы Бағдарламаның авторлары ұсынып отырған оқытуды басқару және көшбасшылық
тұжырымдамасы мұғалімдердің пайдаға асырылмаған зор әлеуеті бар, оларды өзгеріс енгізу
тәжірибесіне, бірлескен кәсіби білім құруларына көмектесетін қолдау көрсетілген жағдайда
ғана көруге болады деген ұстанымға негізделеді. Ол педагогикалық жүйе сәтті болу үшін,
оқыту мектептің барлық деңгейінде қатар жүру керек, яғни оқыту оқушыларды, студенттерді,
мұғалімдерді және де мектеп жүйесінде жұмыс істейтін қосымша қызметкерлерді түгел
қамту керек деген көзқарасқа сүйенеді. Бағдарлама аясында оқытудағы көшбасшылық
тұжырымдамасы Дэвид Фрост пен Кембридж университеті қолдау көрсеткен Хертс Кэм
Нетворк қоғамдастығы және «Мұғалім көшбасшылығы» халықаралық жобасы аясындағы
қызметке негіз болған мұғалім жүргізетін дамыту жұмысымен тығыз байланысты болып
келеді.
Оқу сияқты, көшбасшылық та адамның басты, бірақ аса күрделі әлеуеттерінің бірі болып
табылады. Өзгеріс енгізу үдерісін басқару оңай емес әрине, өйткені оның барысында жұмыста
әртүрлі қиындықтар мен келіспеушіліктер туындап жатуы ықтимал. Мұғалім ретінде,
біз өзімізге әрекет етуге, басқаруға, шешім қабылдауға жеткілікті билік пен өкілеттіктер
берілмегендігін түсінеміз, алайда тәжірибе көрсетіп отырғандай, басшы қызметін атқармастан-
ақ, біз білікті мұғалім ретінде өзіміздің кәсіби беделімізге және жеке тұлға ретінде моральдық
беделімізге сүйене отырып, оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуге ықпал ете аламыз.
Сонымен қатар біз өзіміздің тәжірибелік дағдыларымызды дамытып, стратегиялық тұрғыдан
ойлануды меңгере аламыз.