111 Мектепті жетілдіруге ықпал ету Бір ұжым болып жұмыс істеу арқылы басқа мұғалімдер қолдаған жағдайда мұғалімнің
жұмысы аса тиімді болмақ. Мектепті жақсарту мүмкіндіктерін дамыту негізінде алқалы қарым-
қатынастар және ұжымдық тәжірибе жатыр. Күн сайын бірге жұмыс істейтін адамдардың
арасындағы қарым-қатынас деңгейі бұл ұйымның ахуалының ең жақсы көрсеткіші болып
табылатыны дәлелдеген.
Бұл тәсіл ынтымақтастық, жәрдемдесу және бірлесіп жұмыс істеуге негізделген кәсіби
даму мен оқыту нысанын көздейді. Бұл мектепке мұғалімдер мен оқушылар бірлесіп оқитын
оқу қоғамдастығы ретінде қарау дегенді білдіреді.