Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет219/508
Дата06.01.2022
өлшемі11,77 Mb.
#11716
түріБағдарламасы
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   508
Мәдени бөлініс: Бұл жағдайда «кім» дегеннен гөрі, «не» дегенге баса назар аударылады. 
Көшбасшылық  нақты  қызмет  саласында  және  жекелеген  адамдардың  бастамасы  бойынша 
жүргізіледі. Мұғалімдер әріптестерімен бірлесе отырып, бастама білдіреді, оларда ешқандай 
басшы, жетекші деген болмайды. Бұл адам рухының, қайратының көрінісі, мектептің орныққан 
дәстүрлері, оның жалпы мәдениетінің көрсеткіші десе де болады. Көшбасшылықты бөлудің 
бұл түрі өзара қарым-қатынастардың төрт түріне байланысты:
Құрметтеу (басқаның пікірін тыңдау және бағалау);
Жеке қарым-қатынас (кәсіби өзара қарым-қатынасты қолдайтын орнықты жеке қарым-
қатынас);
Құзыреттілік  (басқалармен  өзара  қарым-қатынас  барысында  күтілетін  нәтижеге  қол 
жеткізе білу);


115
Адалдық (өзара сенімді және шынайы қарым-қатынас). 
Осы Бағдарламада негізінен «мәдени бөлініске» артықшылық беріледі. Мұғалім жүргізетін 
дамыту жұмысы (МжДж) көшбасшылықтың бұл түрінің кең тараған нысаны болып табылады. 
Ол жауапты қызметі бар немесе жоқ мұғалімдердің:
•  іс-тәжірибені жетілдіруге бастама жасау және ол үшін өзіне жауапкершілік алу;
•  оқыту  мен  оқу  тәжірибесіне  өзгеріс  енгізу  үшін  әріптестерімен  стратегиялық 
шешімдерді бірлесіп таңдау;
•  деректерді бірлесіп жинау және қолдану;
•  кәсіби  білімді  қалыптастыруға  және  таратуға  атсалысу  үшін  көшбасшылықты 
нығайтудың ерекше тәсілі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   508




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет