Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Мұғалімге арналған зерттеушілік семинар



Pdf көрінісі
бет222/508
Дата06.01.2022
өлшемі11,77 Mb.
#11716
түріБағдарламасы
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   508
Мұғалімге арналған зерттеушілік семинар
Мектеп  мұғалімді  ынталандыру  объектісі  де  бола  алады.  Мектепте  ұйымдастырылатын 
ғылыми-зерттеу  семинарларының  көздеген  бірнеше  мақсаттары  бар:  мұғалімдер  мен 
мектептерге шешу қажет болатын проблемалар мен мәселелерді анықтайды; оларды шешудің 
ұсынымдары  мен  стратегияларын  әзірлейді;  мұғалімнің  де,  мектептің  де  әлеуетін  дамыту 
мақсатында мұғалімдердің мектепте ортақ білім базасын құруына септігін тигізеді.
Зерттеуші мектеп
Мектепті  зерттеуші  мектепке  айналдыру  оны  қызметтің  төмендегідей  аспектілері 
бойынша дамытуға жол ашады:
•  оқу сапасын арттыру және қолдау көрсету арқылы оқу үлгерімін арттыру;
•  мектептің өзін-өзі бағалау үдерісіне көмек көрсету;
•  оқушылардың білімдегі жеке қажеттіліктерін түсіну және шешу арқылы оқуды алға 
жылжыту;
•  жастардан  олардың  білім  алу  мәселелері  бойынша  кеңес  алу  және  оларды  ғылыми 
зерттеулерге тарту;
•  рөлі мен мәртебесіне қарамастан мектептің барлық қызметкерлері тартылған мектеп 
реформаларына атсалысу;
•  мектеп проблемаларын шешу үшін өзінің әлеуетін дамыту.
Мектепті  зерттеуші  мектеп  етіп  түрлендіру  мектепке  ғылыми  дәлелдемелерді  енгізу 
және  зерттеу  жүргізу  жөніндегі  міндеттеме  алу  дегенді  білдіреді.  Джеймс  (2005)  оқушы 
табысты білім алуы үшін мұғалімнің де оқуын жалғастыруы негізгі талап болып табылады деп 
атап көрсетеді, осыған байланысты мұғалімдер білім алатын кәсіби мәдениетті жүйелі түрде 
дамыту аса маңызды.
Қорыта келе айтарымыз, Бағдарлама мектеп көшбасшылары мұғалімдерге жақсы оқытуға 
қалай көмектесе алады, сондай-ақ желілік қоғамдастықта басқа мектептермен бірлесіп жұмыс 
істеу арқылы тәжірибеге енгізілген өзгерістерді қалай сақтап қала алады деген мәселелерге 
назар аударатын зерттеу материалдарына негізделетін болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   508




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет