Мұғалімге арналған зерттеушілік семинар Мектеп мұғалімді ынталандыру объектісі де бола алады. Мектепте ұйымдастырылатын
ғылыми-зерттеу семинарларының көздеген бірнеше мақсаттары бар: мұғалімдер мен
мектептерге шешу қажет болатын проблемалар мен мәселелерді анықтайды; оларды шешудің
ұсынымдары мен стратегияларын әзірлейді; мұғалімнің де, мектептің де әлеуетін дамыту
мақсатында мұғалімдердің мектепте ортақ білім базасын құруына септігін тигізеді.
Зерттеуші мектеп Мектепті зерттеуші мектепке айналдыру оны қызметтің төмендегідей аспектілері
бойынша дамытуға жол ашады:
• оқу сапасын арттыру және қолдау көрсету арқылы оқу үлгерімін арттыру;
• мектептің өзін-өзі бағалау үдерісіне көмек көрсету;
• оқушылардың білімдегі жеке қажеттіліктерін түсіну және шешу арқылы оқуды алға
жылжыту;
• жастардан олардың білім алу мәселелері бойынша кеңес алу және оларды ғылыми
зерттеулерге тарту;
• рөлі мен мәртебесіне қарамастан мектептің барлық қызметкерлері тартылған мектеп
реформаларына атсалысу;
• мектеп проблемаларын шешу үшін өзінің әлеуетін дамыту.
Мектепті зерттеуші мектеп етіп түрлендіру мектепке ғылыми дәлелдемелерді енгізу
және зерттеу жүргізу жөніндегі міндеттеме алу дегенді білдіреді. Джеймс (2005) оқушы
табысты білім алуы үшін мұғалімнің де оқуын жалғастыруы негізгі талап болып табылады деп
атап көрсетеді, осыған байланысты мұғалімдер білім алатын кәсіби мәдениетті жүйелі түрде
дамыту аса маңызды.
Қорыта келе айтарымыз, Бағдарлама мектеп көшбасшылары мұғалімдерге жақсы оқытуға
қалай көмектесе алады, сондай-ақ желілік қоғамдастықта басқа мектептермен бірлесіп жұмыс
істеу арқылы тәжірибеге енгізілген өзгерістерді қалай сақтап қала алады деген мәселелерге
назар аударатын зерттеу материалдарына негізделетін болады.