Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет247/508
Дата06.01.2022
өлшемі11,77 Mb.
#11716
түріБағдарламасы
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   508
Сын тұрғысынан 
ойлау
– қадағалау, тәжірибе, ойлану нәтижесінде алынған ақпараттың мағынасын 
тануда,  оны  бағалауда  және  талдауда  аналитикалық  тәсілдің  қолданылуын 
көздейтін  ойлау  түрі.  Бұл  келесі  қабылданатын  әрекеттерге  негіз  болуы 
мүмкін.
Сыныптағы ахуал
– бірқатар аффекттік, әлеуметтік, танымдық факторлардың, олардың ішінде ең 
негізгілері – тұлғааралық қатынастар мен оқушыларды оқу-тәрбие үдерісіне 
тарту негізінде қалыптасатын сыныптағы ахуал.
Талант
–  ең  алдымен  арнайы  қабілеттердің  жоғары  деңгейде  дамуы;  өзінің 
сонылығымен,  жоғары  дәрежеде  жетілдірілуімен  және  қоғамдық  мәнімен 
ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік беретін қабілеттер жиынтығы.
Талантты  адамдарға  қызметтің  белгілі  бір  түрімен  шұғылдану  тән,  олар 
таңдап  алған  ісіне  құмар  болады.  Талантты  адамның  еңбегінің  нәтижелері 
өздерінің түбегейлі жаңашылдығымен, бірегейлігімен ерекшеленіп тұрады. 
Тәлімгерлік
- (mentoring) ұзақ уақытқа созылатын, тәлімгер мен тәліп арасында сенімді, 
жеке тұлғаға бағытталған қарым-қатынас құру үдерісі. Ол тәліптің педагог 
ретінде  қалыптасуы  мақсатында  өзінің  білімін,  ойлауын,  тәжірибелік 
іс-амалдарының  тиімділігін  жетілдіруде  айтарлықтай  қарқын  алуына 
көмектеседі.  Коучинг  үдерісі  тәлімгерлік  үдерісімен  байланысты:  коучинг 
нақты тақырып бойынша әріптесінің кәсіби мүмкіндіктерін ашуға бағытталса, 
тәлімгерлік оған жүйелі кәсіби қолдау көрсетуді көздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   508




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет