42
енгізілген бақылау үлгілері жасалды, мысалы: «
өте әсершіл, өз пікірін білдіреді» немесе
«
өзіндік әзілі бар».
Орта мектептің оқушысы бір нақты пән бойынша айрықша дарындылық көрсетіп, басқа
пәндер бойынша көзге түспеуі мүмкін. арнайы пәндер бойынша қабілеттері мықты болу
мүмкін. Британияның география қауымдастығы «күрделі үдерістерді түсіну, физикалық және
адамдық ортаның арасындағы өзара байланыс» сияқты мамандандырылған ерекше пәндік
салаларды да, сондай-ақ сенімді қарым-қатынасқа түсу, шығармашылық және ойлаудағы
бірегейлік, басқа адамдармен қарым-қатынас орната білу сияқты қасиеттерді қамтитын
бақылау парағын құрастырды.
Фриман (1998) төменде көрсетілген, ғылыми негізделген критерийлерді дарынды және
талантты балаларды анықтауда оңтайлы қолдануға болады деп санайды:
• олардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары; олар ақпаратты біліп қана қоймай, оны
пайдалана алады;
• олар оқу үдерісінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы біліп, өздерінің оқуын рет-
тей алады;
• олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ жоспарды тез жүзеге асырады;
• олар ақпаратты толықтырып, олардың қайшылықтарын анықтап, мәніне тезірек жетеді;
• олар оқуда және
проблемаларды шешуде балама шешімдерді көріп,
қабылдай алады;
• басқаларға қарағанда
олардың тәртібі жақсы;
• қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойындар
мен тапсырмаларға ұмтылады;
• ерте жасынан бастап ерекше қабілеттерін ұзақ
уақытқа шоғырландыра алады;
• олар
ерте жасынан сөйлей, оқи және жаза бастайды (Freeman, 1998).
Мұғалімдер өз сыныптарындағы дарынды және талантты балаларды анықтай алмауы
мүмкін болғандықтан, оларға жоғарыда аталған белгілерді анықтау үшін оқу барысында
оқушыларды мұқият бақылау қажет болады.
Достарыңызбен бөлісу: