Психолог - болашақтың және бүгінгінің мамандығы
Эссе
Психолог, ол кім? Психолог өзінің білімі мен біліктілігіне сүйене отырып өзгелерді тығырықтан шығаруға көмектесетін ізгі жан. Психолог – өзін терең түсіне жүріп, өзгелердің жан-дүниесін түсінуге, зерттеуге ұмтылатын зерттеуші. Психолог – жәрдемші, психолог – көмекші. Психолог өзгелердің жанын ауыртпайды, керісінше жан дүниесі күйзеліске түскен жандарға өзінің психология әлеміне шарлап, жанына дауа іздейді. Міне, осыншама жақсылық атаулыны жүрегіне, ақылына, санасына шоғырландыра алатын ізгі жан иесі психология мамандығын таңдауымның басты себептері осы. Себебі, мен адамдарға жақсылық жасауды бар жан дүниеммен қаладым.
Психология – бүгінгі ғасырдың мамандығы. Қазіргі таңда кез келген мекеме психологты қажет етеді. Адамдар тығырыққа тіреліп, шырғалаңға түскен шақта қол ұшын беріп, дұрыс жол көрсете алатын білгір психолог маман болам деуші талапкерлер саны жылдан-жылға көбеюде. Ал, бұдан біраз жыл бұрын бұл мамандық беделді деп есептелмейтін, тіптен сұранысқа көп ие бола бермейтін мамандықтар қатарында еді.
Бүгінгі таңда «психология» мамандығы әлемдегі ең танымал мамандықтардың үздік бестігіне кіреді. Бүгінде психология ғылымы адам іс-әрекетінің түрлі салаларында қарқынды орын алуда. Олар: білім, бизнес, саясат, басқару, медицина, жарнама т.б. салаларда үлкен сұранысқа ие. Ғалымдардың болжауы бойынша XXI ғасыр – психология ғасыры болмақ.
Жақсы психолог- адам жаны мен сырына қанығуы арқылы олардың ішкі әлеміне үңіле алатын ерекше жаратылыс. Құдіретті де мәртебелі , қасиетті де киелі осы мамндықтың иесі – бүгінгі Сіз және Мен , келешектегі біздің әріптестеріміз.
Біздің қолымызда бізден көмек сұрайтын адамның тағдыры мен оның жан дүниесі тұр. Ол адамның болашағы да психолог қолында тұр десем қателеспейтініме сенімім кәміл.
Менің, сенің таңдаған мамандығымыз- біздің мақтанышым! Өйткені біздің мамандық- өскелең өре, адамдық келбет,рухани биіктік мамндығы.Біз әр жаны жаралы жандарға керекпіз.Адам жанының бағбаны, шыдамдылық пен табандылықтын үлгісі,асыл қасиеттері мен білімін басқаның бақыты мен зор болашағы үшін сарп еткен психология ол болашақтың мамандығы.
Ал жақсы психолог болып қалыптасу үшін жоғарыда көрсетілген қасиеттермен қатар, әрбір істі шығармашылықпен, адамгершілікпен шешуді қажет ететін интуиция, дәлдік, тапқырлық, мейірімділік сияқты қасиеттер болуы қажет деп есептеймін. Осының нәтижесінде психолог – көмекші, психолог – өзгелердің жан – дүниесін терең түсінетін немесе түсінуге ұмтылатын – зерттеуші, психолог – өзгелердің жан ауруын емдеп жазуға ұмтылатын – қолдаушы, — деп айта аламыз. Бүгінде адам тәнін дәрігер емдесе, жанын психолог емдей алады. Әр адамның жан дүниесін терең түсініп, оған көмек беру тек мамандықты талап етпейді,адамға деген ізгілік пен мейірімділіктен туындайды. Психолог өзгелердің жанын ауыртпайды, керісінше жан дүниесі күйзеліске түскен жандарға өзінің психология әлемін шарлап,жанына дауа іздейді. Осындай жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, еңбек жолын бастаған әрбір жас психолог өз мамандығы арқылы қоғамға, жалпы адамзатқа тигізер пайдасы көп екеніне сенемін.
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы стратегиялық маңызға ие. Жасампаз халқымыздың жарқын болашағын айқындайтын ой толғам. Президент өз мақаласында қазақ халқы, жалпы қоғамымыз қалай ілгерілеу керек деген күрделі мәселелердің тұшымды тұжырымдамасын жасады. Біз бүгін жаңа дәуір есігін қағып тұрмыз. Инновациялар дәуірі, ғаламат жаңалықтар ашу, технологияның жетілу дәуірі, жаңа өндірістік төңкеріс дәуірі. Әлем күн сайын өзгеруде.Зуылдаған замана көшінен қалып қоймас үшін адам өзі өзгеруі қажет. Жаңарусыз мықты мемлекет болуы мүмкін емес екендігін түсініп,осы іске бел шеше кіріскен ел мен қоғам өкілдері ғана суырылып алға шығады. Сол үшін де адамдардың дүниетанымын өзгерту қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |