Бағдарламасы (міндетті компонет үшін), ОҚу бағдарламасы



бет6/14
Дата04.07.2022
өлшемі150,32 Kb.
#37490
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Дизайн 2 курс Каз яз

СӨЖ тапсырмалары:
1.Қазақстанның жануарлар мен өсімдіктер әлемі туралы таныстырылым дайындау.
2. «Менің сүйікті жануарым» деген тақырыпта шағын әңгіме жазу.
3. Мәтінді oқып, мaзмұндaу. Оқылым бойынша тест сұрақтарына жауап беру.
4. Берілген мәтіндерді қaзaқ, орыс тілінe ayдaру.
5.Бұйрық мәнді сөйлемдерді байланыстыра отырып, жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер туралы эссе жазу.

Тапсырмалар:


1.Т-кестесі әдісі бойынша тапсырманы орындау.
2. Сканвордты жануарлар атымен толтырыңыздар.
3.АКТ-мен жұмыс арқылы таныстырылым дайындау.
4.Мәтін бойынша сұхбат құрастыру.
5.Мәтінді орыс және қазақ тілдеріне аудару.
6.Жұмбақтарды шешу.
7. Б.С.Блyмның ұсынғaн тaксoнoмиясы бoйыншa өлeңді тaлдау.

Ұсынылатын әдебиеттер:


1.Картаева А., Мұратбекова А. Қазақ тілі. Техникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Алматы, 2013.
2.Оралбай Н., Құрманалиев К. Қазақ тілі. Алматы, 2007.
3.Құрманбаева Ш., Мұратбекова А. Қазақ тілі. Ақпараттық технологиялар және энергетика мамандығына арналған оқу құралы. Алматы, 2013.
4.Құрманбаева Ш., Мұратбекова А. Қазақ тілі. Алматы, 2013.
5.Мамаева М.Қ. т.б. Тіл-құрал. В2 деңгей. Астана, Ұлттық тестілеу орталығы, РМКК, 2011.
6.Досмамбетова Г.Қ. т.б. Қазақ тілінің грамматикалық анықтағышы. Астана, Ұлттық тестілеу орталығы, РМКК, 2012.

3-СЕМЕСТР


№1 тәжірибелік сабақ
Ұлттық қорықтар мен парктер.
Өтініш, тілек мәнді сөйлем
Ұлттық қорықтар мен парктер, олардың мақсаты, ерекшеліктері.Табиғиландшафттарэталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау - мемлекеттік табиғи қорықтардың басты мақсаты болып табылатындығы. Мемлекттік ұлттық табиға- ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар айрықша қорғалатын аймақ екендігі.
Өтініш, тілек мәнді сөйлем қалау райлы етістіктің -ғы, -гі, -қы, -кі тәуелденіп, оған кел етістігінің тіркесуі арқылы жасалуы.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар


1.Қазақстанда неше ұлттық қорық бар?
2.Біздің облысымызда қай қорық бар?
3.Ол қорық қай жылы ашылған?
4.Қазақстандағы ең алғашқы қорық қалай аталады?
5.Қорықтардың мақсаты не?
6. Өтініш, тілек мәнді сөйлем қалай жасалады?


СӨЖ тапсырмалары:
1. Қазақстанның жануарлар мен өсімдіктер әлемі (таныстырылым дайындау)
2. Қазақстан қорықтары туралы мақала дайындау.
Тапсырмалар:
1.Мәтінді оқыңыз, мазмұнын айту. Өздері білетін қорықтар туралы айтып, әңгімені жалғастыру.
2. Мәтінді пoстeргe түсіру.
3. Сөз тіркeстeрін жaсaу.
4. Мәтінді oқу. Мaзмұндaу. Тест сұрақтарына жауап беру.
5.Қaзaқcтaнның гeoгрaфиялық кaртacын пaйдaлaнa oтырып, кecтeнi cәйкecтeндiру.
Әдістемелік ұсыныстар:
Сабаққа дайындалу барысында ұлттық қорықтар мен парктер, олардың мақсаты, ерекшеліктері туралы әдебиеттерді оқып, танымдарын кеңейткені орынды болады.

Ұсынылатын әдебиеттер:


1.Картаева А., Мұратбекова А. Қазақ тілі. Техникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Алматы, 2013.
2. Жақыбаева Қ.А., Акимбекова Г.Ш. Қазақ тілі. Алматы, 2012.
3. Әлімбек Г. Қазақ тілі. (жалғастырушы деңгейге арналған). Астана, «1С -Сервис», 2009.

№2 тәжірибелік сабақ


Экологиялық мәдениет. Ұлттық экомәдениет.
Шарт мәнді сөйлем


Экологиялық мәдениет-жалпы дүние-жүзілік мәдениеттің дамуының бір кезеңі және құрамдас бөлімі; адамзаттың өмірі мен болашақтағы дамуында экологиялық проблемалардың маңыздылығы.
Қоршаған ортаға немқұрайдылықпен қараудың өкінішті тәжірибесі, химиялық ластанудан, шіруден, дірілдерден,электомагниттік сәулеленуден, радиациядан және т.б. болған ауруларды, зардаптарды зерделеу, экологиялық мәдениет және санитарлық мәдениет ұғымдарын біріктіре ұғыну қажет екенін түсіну.
Шарт мәнді сөйлем шартты рай етістіктің түбіріне -са, -се жұрнағының бір тұлғасының жалғанып жіктелуі арқылы жасалынуы. Шартты бағыныңқылы сөйлемніңбағыныңқы сөйлемі басыңқы сөйлемдегі істің шарты болып келуі.
Етістіктің болымсыз түріне -йынша, -йінше жұрнағы жалғануы арқылы жасалынуы.
Әдістемелік ұсыныстар:
Сабаққа дайындалу барысында жалпы экологиялық мәдениет, ұлттық экомәдениет олардың мақсаты, ерекшеліктері туралы әдебиеттерді оқып, таным-түсініктерін кеңейткені орынды болады.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар


1. Экологиялық мәдениет дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Қоршаған ортаға немқұрайдылықпен қараудың соңы қандай зардаптарға әкелуі мүмкін?
3. Адамзаттың өмірі мен болашақтағы дамуында экологиялық проблемалардың маңыздылығы қандай?
4.Адамға экологиялық мәдениет қалай қалыптасады?
5. Халық педагогикасында экологиялық мәдениет қалай көрініс тапқан?
6.Экологияға қатысты мақал-мәтелдер, ырым-тыйым сөздерді білесіңдер?
7.Шарт мәнді сөйлем қандай жолдармен жасалады?

Тапсырмалар:


1.«Кубизм» әдісі бойынша сұрақтарға жауап беру.
2. Мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіру.
3.Мәтінді оқып, ой бөлісу, сұхбат құрастыру.
4.Сөйлесім әрекетінің (оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым, пікірлесім) бойынша мәтіндермен, тест тапсырмаларымен жұмыс.

Ұсынылатын әдебиеттер:


1.Бағиева Ш.М. Іскери қазақ тілі. Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2012.
2.Жақыбаева Қ.А., Акимбекова Г.Ш. Қазақ тілі. Алматы, 2012.
3.Құрманбаева Ш., Мұратбекова А. Қазақ тілі. Алматы, 2013.
5.Сарсенова С.Е., Үрістенбекова Г.Қ. Қазақ тілі. В1 деңгейге арналған. Ақтау, 2015.
6.Досмамбетова Г.Қ. т.б. Қазақ тілінің грамматикалық анықтағышы. Астана, Ұлттық тестілеу орталығы, РМКК, 2012.

№3-4 тәжірибелік сабақ


Сән әлемі. Дизайн. Ұлттық киім. Ұлттық ою-өрнек.
Білік, дағды мәнді сөйлем

Сән әлемінің тарихы, стиль түрлері (классикалық, фольклорлық, спорттық), эстетикалық және этикалық тәрбие, адам сәні, дизайн тарихы.


Қазақ халқының ұлттық киімінің шығу тарихы мен ою-өрнектерінің шығу тарихы, түрлері (жануар, өсімдік өрнектері, геометриялық, космогониялық тектес), өрнектерді ою әдістері, ою-өрнек үлгілері.
Білік, дағды мәнді сөйлем.Етістік+а (-е, -й) алулексика-грамматикалық тіркесінің шақ, жақ бойынша түрленіп қолданылу ерекшелігі.
Әдістемелік ұсыныстар: Сабаққа дайындалу барысында сән әлемінің тарихы, стиль түрлері, эстетикалық және этикалық тәрбие, дизайн тарихы, қазақ халқының ұлттық киімінің шығу тарихы мен ою-өрнектерінің шығу тарихы, түрлері туралы толық мәліметті қосымша әдебиеттермен қоса, теледидар бағдарламары арқылы да танысуға болады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Сән әлемінің тарихы қандай?

  2. Сәнде маңызды ұғымдардың бірі – стиль. Стиль дегеніміз не? Стильдің түрлері қандай?

  3. Қазақстанда дизайн өнері қай жылдан бастап жүйелі түрде қалыптасып, дами бастады?

  4. Қазақстан Дизайнерлер одағы қай жылы құрылды?

  5. Адам бойындағы әсемдік және әдептілікті қалыптастыратын не?

  6. Тұң­­ғыш рет қа­зақ­стан­дық сән өне­рін ше­телге паш ет­­кен тұң­ғыш журнал қалай аталады?

  7. Тұң­ғыш мо­да театры қай жы­лы ашылды?

  8. Ұлттық оюлардың қандай түрлері бар?

  9. Ұлттық киімдер неше топқа бөлінеді?

  10. Геометриялық, космогониялық тектес оюларға қандай ою түрлері жатады?

  11. Білік, дағды мәнді сөйлемнің жасалу жолы қандай?

Тапсырмалар:


1.Мәтін мазмұны бойынша диалог құрастыру.
2. «Кім шапшаң» әдісі бойынша сұрақтарға жауап беру.
3. Сөйлеу әрекетінің түрі тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беру.
4. «Т» кестесі мәтіндегі ақпараттың дұрыс-бұрысын анықтау.
5. Диаграмманы толтыру.
6.Қазақтың ұлттық ою-өрнегінің түрлері (жануар, өсімдік өрнектері, геометриялық, космогониялық тектес) бойынша қазақтың оюын салу, таңдау себебін түсіндіру.

Ұсынылатын әдебиеттер:


1.Картаева А., Мұратбекова А. Қазақ тілі. Техникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Алматы, 2013.
2.Құрманбаева Ш., Мұратбекова А. Қазақ тілі. Алматы, 2013
2.Әлметова Ә.С., Дәркенбаева Ж.Қ., Хамимульдинова Л.Ж. Қазақ тілі. 2015.
3.Мамаева М.Қ. т.б. Тіл-құрал. В2 деңгей. Астана, Ұлттық тестілеу орталығы, РМКК, 2011.
4.Әлімбек Г. Қазақ тілі. (жалғастырушы деңгейге арналған). Астана, «1С -Сервис», 2009.
5.Сарсенова С.Е., Үрістенбекова Г.Қ. Қазақ тілі. В1 деңгейге арналған. Ақтау, 2015.

№5-6 тәжірибелік сабақ


Сәулет және құрылыс өнері. Көне және заманауи ескерткіштер.
Қалау мәнді сөйлем

Х-ХІІ ғасырлардағы сәулет өнерінің ерекшелігі, сәулет өнері құрылысындағы жаңаша стильдер, архитектуралық ескерткіштер.


Сәулет өнері техника, ғылым және өнермен тығыз байланысы.
Сәулет өнері - адамдардың әдемі және ыңғайлы тұрмыс құруына арналған өнер екені, саулеттік шығармаларда бұлжытбай орындалатын үш қасиеттің болуы: а) беріктік-инженерлік есеп; б) қолайлылық-тұрмыс жағын білуге байланысты; в) әдемілік- талант талғамға байланысты.
Ерте заманнан қалған көне архитектуралық ескерткіштер, Қазақстандағы сәулет өнерінің қазіргі кезде өте қарқынды дамып келе жатырғандығы, Астанадағы теңдесі жоқ құрылыс нысандары.
Көне және заманауи ескерткіштер тарихы.
Қалау мәнді сөйлемнің жасалу жолы, тәсілдер арқылы шақ, жақ бойынша түрленуі.Қалау райлы сөйлем сөйлеушінің белгілі бір амалды я әрекетті жүзеге асыруға бағытталған ниетін, ынта-тілегін, үміт-арманын білдіреді. Бұл райдың көрсеткіштері есебінде -ғы (+м, +ң) сы кел; -са игі еді; ғай еді; -са екен (аналитикалық) форманттары қызмет етеді.

Әдістемелік ұсыныстар: Сабаққа дайындалу барысында көне және заманауи ескерткіштердің ерекшеліктеріне мән бере отырып, тапсырмаларды орындау керек. Жалпы «Архитектура» өнерінің шығу тарихы туралы қосымша әдебиеттермен толығырақ ақпарат алғаны дұрыс.


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:



  1. Рим архитекторы Витрувийдің айтуынша, саулеттік шығармаларда бұлжытбай орындалатын неше қасиет болу керек?

  2. Түркістан, Отырар қалаларындағы көне тарихи ескерткіштер қалай аталады?

  3. Түрлі-түсті ұсақ тастардан, боялған әйнектерден, жылтыр керамикадан қүрастырылған сурет өрнек қалай аталады?

  4. Өзінің сипаты жағынан кумбез нешеге бөлінеді?

  5. Мұсылмандардың діни ғимараты қалай аталады?

  6. Козилей ғимараты қай елде орналасқан?

  7. Әйгілі Эйфель мұнарасы қай жерде орналасқан?

  8. Қалау мәнді сөйлемнің жасалу жолдары қандай?

Тапсырмалар:


1.Т-кестесі әдісі бойынша тапсырманы орындау.
2.«Кім шапшаң» әдісі бойынша тапсырмаларды орындау.
3.АКТ-мен жұмыс арқылы таныстырылым дайындау.
4.Мәтінді орыс және қазақ тілдеріне аудару.
5.Берілген үлгілер бойынша кластер толтыру.
6.Көне және заманауи ескерткіштердің ерекшеліктеріне «Венн диаграммасын» орындау.

Ұсынылатын әдебиеттер:


1.Жақыбаева Қ.А., Акимбекова Г.Ш. Қазақ тілі. Алматы, 2012.
2.Орынбаев А. Қазақ тілі. Алматы, 2008.
3.Оралбай Н., Құрманалиев К. Қазақ тілі. Алматы, 2007.
4.Тұрсынова Г.Т. Қазақ тілі. Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2012.
5.Шүленбаева Ұ. Қазақ тілі. Жоғары техникалық оқу орындарындағы барлық мамандықтарға арналған. Алматы, 2014.
6.Әлімбек Г. Қазақ тілі. (жалғастырушы деңгейге арналған). Астана, «1С -Сервис», 2009.

№7 тәжірибелік сабақ


Ғарыш әлемі. Ғарыш айлағы және ғарышкерлер.
Мезгіл мәнді сөйлем


Ғарыш әлемі жайлы түсінік. Тұңғыш ғарышкер және Қазақстан ғарышкерлері туралы мәлімет. Адамзаттың ортақ үйі - Жер планетасына, ғарыш әлемі туралы түсінік.
Байқоңырдан ғарышқа көтерілген ғарышкер туралы. Байқоңыр айлағының экологиялық мәселелері.
Мезгіл мәнді сөйлем. Мезгіл үстеулері, септік шылаулары, -ғанда, -генде, -кенде, -қанда және т.б. грамматикалық тіркестер арқылы жасалуы.
Әдістемелік ұсыныстар: Сабаққа дайындалу барысында ғарыш әлемі туралы ұғымды астрономиялық әдебиеттер арқылы жете танысқаны жөн. Ғарышкерлер, Байқоңыр – ғарыш айлағы туралы қосымша әдебиеттермен және БАҚ-нан толығырақ ақпарат алғаны дұрыс.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:


1. Ғарыш әлемі дегенді қалай түсінесіз?


2. Ғарышкерлер туралы қандай мәлімет білесіз?
3. 1991 жылы 2 қазанда «СоюзТ-13» ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілген ғарышкер кім?
4. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақтың қай ғарышкері ғарышта неше рет болды?
4.Ғарыш аймағынан зымырындар ғарыш кеңістігіне қарай қандай, неше түрлі мақсатпен ұшырылады?
5. Ғарышкерлер мейрамы қашан тойланады?
6. Тоқтар Әубәкіров қай жылы ғарышқа ұшты?
7.Мезгіл мәнді сөйлемнің қандай жолдармен жасалады?

Тапсырмалар:


1.«Миға шабуыл» әдісі бойынша сұрақтарға жауап беру.
2.Мәтінді оқып, жоспар құру.
3.«Үш таяқша» әдісі бойынша 1 сұрақ, 1 жауап, 1 идея жазу.
4.«Синкуэн» әдісі бойынша шығармашылық тапсырма орындау. Ұйқас бойынша өлең құрау.
5.Суретке қарап, шағын әңгіме құрастыру.
6.Тест сұрақтарына жауап беру.

Ұсынылатын әдебиеттер:


1.Картаева А., Мұратбекова А. Қазақ тілі. Техникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Алматы, 2013.
2.Тұрсынова Г.Т. Қазақ тілі. Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2012.
3.Оралбай Н., Құрманалиев К. Қазақ тілі. Алматы, 2007.
4.Күзекова З. С., Аяпова Т. Т., Оразбаева Ф. Ш., Мамаева М. Қ. Қазақ тілін базалық деңгейде меңгерудің тақырыптық лексикалық минимумы, А2 - Астана, 2011.
5.Күзекова З. С., Аяпова Т. Т., Оразбаева Ф. Ш., Мамаева М. Қ. Қазақ тілін орта деңгейде меңгерудің тақырыптық лексикалық минимумы, В1 - Астана, 2011.
6.Досмамбетова Г.Қ. т.б. Қазақ тілінің грамматикалық анықтағышы. Астана, Ұлттық тестілеу орталығы, РМКК, 2012.

№8 тәжірибелік сабақ


Көлік тасымалы – логистика. Байланыс.
Ниет мәнді сөйлем


Жолаушы тасымалы – көлікпен жолаушылар тасымалдау жұмысы. Жолаушы тасымалы магистральдық (темір жол, азаматтық авиация, автобус, теңіз, өзен қатынастары) және қала (метрополитен, трамвай, троллейбус және жеңіл автомобиль) көліктерімен жүзеге асырылады. Жолаушы тасымалы қашықтығы мен жылдамдығына және көлік түрлерінің ерекшелігіне қарай ажыратылады.
Еліміздің экономикасының қарыштап дамуы үшін көлік қатынастарын, жүк және жолаушы тасымалдау жүйесін дұрыс әрі тиімді ұйымдастыру мен олардың үзіліссіз әрі қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етудің маңыздылығы.
Ниет мәнді сөйлем. –мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек қосымшалараның қызметі. ... –айын (-ейін, -айық, -ейік) деп ..., ... –айын (-ейін, -айық, -ейік) деп еді тіркесінің 3 жақта түрленіп қолдануы және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы

Әдістемелік ұсыныстар:


Студенттер көлік тасымалы туралы түсінік алып, олардың әрқайсысы туралы толық мәлімет алуы үшін көрсетілген әдебиеттермен танысып шығуы пайдалы болмақ. Көлік тасымалы жайында ақпарат алғаны дұрыс. Жұмыс арнайы дәптерге толтырылады. Аудиторияда топтың арасында талқыланады.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:


1.Жолаушы тасымалы дегеніміз не?
2.Жолаушы тасымалы қандай көліктермен жүзеге асырылады?
3.Жолаушы тасымалы қалай ажыратылады?
4.Жолаушы тасымалының ең арзаны қай көлік?
5.Логистика деген қандай ұғымды білдіреді?
6.Ниет мәнді сөйлем дегеніміз не?
7.Қандай тәсілдер арқылы жасалады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет