3. Оқытудың қорытынды нәтижелері Студент білуі тиіс:
-әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, оқу-кәсіби салалар бойынша сәлемдесуді, алғыс білдіруді, сұхбаттасуды, келісуді, келіспеуді, талап етуді және т.б. білуі тиіс;
-кез келген ортада өзіне қажетті ақпаратты сұрай алуы және ақпаратқа жазбаша түрде жауап бере алуы керек;
-әр түрлі тақырыптарға қатысты айтылған тұжырымдарға өз пікірін білдіре отырып, серіктесінен жауап қайтара алуы, серіктесін сөйлеу әрекетіне тарта алуы керек;
-телефон, теледидар, радио арқылы жоғарыдағы салаларға қатысты ақпараттардың түйінін ұға алу, ғылыми еңбектерді оқып, түсіне алуы қажет;
-электронды хаттарды түсініп, оған жауап жаза білуі тиіс.
Бағдарламаны меңгере келіп, студент орындалуы тиіс
өтілген тақырыптарды баяндау, мақұлдау, алған мәліметтерге өз көзқарасын білдіру, дәлелдеу;
әлеуметтік-тұрмыстық сала бойынша тақырыпты талқылауда өз қабылдауы бойынша баға беру;
күнделікті тұрмыстық сөйлеу жағдаяттарында әңгімені қолдау және талқылау (нақты, өзіне таныс жағдаяттарға дайындықсыз араласып, әңгімені қолдау, қажет жағдайда қайта сұрау;
белгілі бір тақырып бойынша қысқа, аса қиын емес эссе жазу;
мәтін тақырыбындағы негізгі идеяны табу.
Студент алған білімінқазақ тілінде қарым-қатынас құралы ретінде ақпарат алмасуға, өз ойын айтуда қолдануы тиіс.
4. Пререквизиттер мен постреквизиттер 4.1 Пререквизиттер:-
4.2. Постреквизиттер:Кәсіби қазақ тілі;
5. Пәнді оқыту жоспары 5.1 Дәрістің тақырыптық жоспары(типтік бағдарламада қарастырылмаған)