3.2.4 тақырып. Оқыту принциптері
Практикалық сабақ. Оқушылар білімінің беріктігі. Оқытуды ұйымдастыру, оқыту түрлері мен әдістерінің алуан түрін қолдану, оқытатын уақыттың білімнің беріктігіне әсері. Ынталандыру принципі. Оқушының оқуға, білімге, мұғалімнің жеке басына, оқу жұмысының барлық әдістеріне, түрлері мен формаларына ынта-ықыласының маңызы. Ынталандыру принципінің талаптары. Гуманизациялау (ізгілендіру) принципі. Ізгілендіру принципі. Барлық оқыту принциптерінің бір-бірімен байланысы. Принциптерді жүйелі, кешенді қолдану талабы.
3.3 тақырып Білім берудің мазмұны
3.3.1 тақырып Білім берудің мазмұны туралы ұғым. Білімнің мемлекеттік стандарты
Білімнің мазмұны туралы ұғым. Білім құрылымының бөліктері: білім, әлеуметтік тәжірибедегі іс-әрекет тәсілдерін оқушыға үйрету; шығармашылық жұмыс тәжірибесі; тәжірибе, адам, іс-әрекет, құрал, өзара қатынас. Жалпы политехникалық еңбек және кәсіптік білім беру. Стандарт туралы ұғым. Стандарттың негізгі функциясы. Оның заңнамалық негіздері. Стандарттың құрылымы.
3.3.2 тақырып Білім беру мазмұны: оқу жоспары, оқулықтар, оқу бағдарламалары
Оқу жоспары. Мемлекеттік базистік оқу жоспары. Базалық оқу жоспарындағы білімдік салалар. Оқу жоспарының инварианттық (мемлкеттік) және вариативтік (мектептік) бөліктері. Оқу бағдарламалары. Типтік оқу бағдарламалары. Жұмыс оқу бағдарламалары. Авторлық оқу бағдарламалары. Бағдарламаның бөліктері. Мектеп оқулықтары. Мектеп оқулығының атқаратын қызметі. Оқулықтарға қойылатын талаптар.
3.3.3 тақырып. Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру жолдары
Дүниетанымның мәні, қызметі. Дүниетанымның түрлері. Діни дүниетаным. Ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананың ең жоғарғы түрі. Дүниетанымның құрылымы: көзқарастар; сенім; қажымас қайрат; теориялық ой. Оқушылардың ғылыми дүниетанымының негіздерін оқу- тәрбие проецсінде қалыптастыру жолдары.
3.3.4 тақырып. Білім берудің мазмұны. Жаңа типтегі мектептердегі білім мазмұны
Практикалық сабақ. Білім беру мазмұны туралы құжаттарды талдау. Жаңа типтегі мектептердегі білім мазмұны тарихы. Дарындылықтың түрлері.
Дарынды балаларды іріктеу өлшемдері. Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты, міндеттері. Дарынды балалармен жұымс мазмұны.
Негізгі ұғым: Білім беру мазмұны, жалпы білім беру, поитехникалық білім, кәсіптік білім, стандарт, оқу жоспары, оқу бағдарламасы, оқулықтар.
Достарыңызбен бөлісу: |