Бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет19/48
Дата31.12.2021
өлшемі0,49 Mb.
#21468
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48
Байланысты:
ЖОО тренерлерін оқыту бағдарламасы

өз бетінше оқи алатындай, өздерінің оқуы үшін жауапкершілікті алуға дайындығын және 

түсінігін тануға көмек көрсетуді қамтиды. 



Сыныптағы диалогтің маңыздылығы 

Ғылыми зерттеулердің нәтижелері  бойынша, диалог сабақта басты орын алатындығын 

байқатады.  Мерсер  мен  Литтлтон  ғалымдары  өз  жұмысында  сыныптағы  диалог 

оқушылардың зияткерлік дамуына және олардың оқу нәтижелеріне ықпал ететінін көрсетті. 

Зерттеу  ересектермен  де,  құрдастарымен  де  зияткерлік  қарым-қатынас  балалардың  білім 

алуына және олардың танымдық дамуына ықпал ететінін атап өтті.

 

Л.  Выготский  жас  балаларды  әлеуметтік  өзара  әрекеттесу  үдерісінде  танымдық  дамуы 



бар  субъектілер  ретінде  сипаттайды;  басқаша  айтқанда,  оқушыларға  неғұрлым  қабілетті 

оқушылармен  қарым-қатынас  жасау  және  қоршаған  орта  мен  мәдениетпен  өзара  әрекеттесу 

арқылы  ересек  ойлау  тәсілдерін  үйрететін  сәт.  Әрі  қарай  Л.  Выготский  оқушылар  өзінің 

"Жақын  арадағы  даму  аймағында"  (ЖАДА)  жұмыс  істегенде,  когнитивті  дамуы  анағұрлым 

нәтижелі болатынын айтады. ЖАДА оқушыларды дамытатын дағдылар мен қабілеттерді, әлі 

өз  бетінше  орындай  алмайтын  тапсырмалар  ауқымын  анықтайды.  Мұндай  тапсырмаларды 

орындау  үшін  оқушыларға  ересектер  немесе  оларды  жаңа  оқытуға  қолдау  көрсете  алатын 

құзыретті  адамдарға  көмектесу  қажет.  Бұл  қолдау  қарым-қатынасты  қажет  етеді  және  Л. 

Выготский бұл жағдайда сөйлеуді оқытудың негізгі құралы деп есептейді.

 

Л. Выготскийдің оқыту моделі білім оқушыны диалогке тарту нәтижесінде алынады деп 



болжайды.  Осылайша,  мұғалімнің  оқу  үдерісіне  әлеуметтік  қатысуды  қолдаудағы  рөлі 

оқушының  оқуын  дамыту  үшін  шешуші  болып  табылады.  Сыныптастар  немесе  мұғалімдер 

сияқты  білетін  адамдармен  сұхбаттасу  мүмкіндігі  болған  кезде  оқушылардың  үйренуі 

оңайырақ  өтеді.  Егер  талқыланатын  идеялар  оқушының  нақты  түсінігінің  бөлігі  болмаса, 

бірақ оның ЖАДА құрамына кірсе, оқыту сәтті болады.

 

Л.Выготскийдің  пікірі  бойынша,  оқытуда  сөйлеудің  негізгі  рөлді  атқаратынын  кейінгі 



эмпирикалық зерттеулер қолдады. Барнс (1971) сыныпта сөйлеу тәсілі оқушылардың оқуына 

үлкен  әсер  етеді  деп  тұжырымдады.  Ол  оқыту  мұғалімнің  пассивті  тыңдауы  арқылы  ғана 

емес,  сонымен  қатар  ауызша  құралдарды  қолдану  нәтижесінде  сөйлеу,  талқылау  және 

дәлелдеу арқылы жүретінін растады. Кейінірек Мерсер мен Ходжкинсонның (2008) зерттеуі 

Барнстың  алдыңғы  жұмысы  негізінде  оқу  үдерісінде  диалогтің  орталық  рөлін  белгілеу 

мақсатында құрылды. Бүгінгі таңда сыныпта оқушылардың бірлескен сөйлесуі айтарлықтай 

пайда әкелетінін көрсететін жеткілікті дәлелдер бар:

 

•  оқушыларға тақырып туралы түсініктерін білдіруге мүмкіндік береді;



 

•  оларға адамдардың әртүрлі идеялары болуы мүмкін екенін түсінуге көмектеседі;



 

•  оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне ықпал етеді;



 

•  мұғалімдерге оқушылардың оқу үдерісінде қандай сатыда екенін түсінуге 



көмектеседі.

 

Сыныптағы  көптеген  пікірталастардың  ерекшелігі  -  мұғалім  әңгіме  тақырыбын, 



оқушылардың  айтқандарының  орындылығы  мен  дұрыстығын  және  оқушылардың  қашан 

және қалай сөйлей алатындығын басқаруы. Көптеген сыныптардағы оқушылар сөйлесуге аз 

ғана құқылы. Мысалы, сирек оқушылар ғана мұғалімге: "Бұл қызықты көзқарас" деп айтуға 

құқылы.  Эмпирикалық  зерттеулердің  талдауы  бойынша,  сыныптағы  сөйлесудің  әдеттегі 

стилі,  оған  сәйкес  мұғалім  әңгімені  басқаратынын,  маңызды  сұрақтар  қоятынын, 

оқушылардың жауаптарын қайталап және мадақтайтынын, 

 



17 

 

оқушылардың ойлау деңгейін көтермей және сөйлеу дағдыларын дамытпайтынын көрсетті. 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет