Сыни ойлауға үйрету
Сыни ойлауды "ойлау туралы ойлау" ретінде ұсынуға болады. Бұл негізгі мәселелер
бойынша ойлау және практикалық тәжірибе туралы ойлау қабілетін қамтиды. Педагогикалық
білімі бар және біліктілігін арттыратын мұғалімдер ретінде бұл дағдылар дамыған және
тәжірибелік жұмыста қолданылады деп болжанады. Сыни ойлау- Қазақстанда оқыту мен
білім беруді дамыту үшін өзекті қазіргі заманғы педагогикалық ұғым. Бұл модуль
оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни ойлауын дамытуға саналы және арнайы көзқарасты
бейімдеуді көздейді.
Осы модуль шеңберінде 1-модульде келтірілген оқытудағы әлеуметтік сындарлы
тәсілдер, оқытуды дамыту үшін тиімді бағалау (3-модуль), әртүрлі жастағы балаларды оқыту
мен білім беруге сараланған тәсіл (5 және 6-Модульдер) мәселелері қаралатын болады.
Бағдарлама барысында сыни ойлау екі жолмен қарастырылады: оқушылардың сыни
ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни ойлауын дамыту . Бұл екі үдеріс өзара байланысты
және Бағдарлама оларды дамытуға бағытталған. Оқушылардың сыни ойлауы- бұл ақпарат
пен идеяларды синтездеу, олардың сенімділігі мен салыстырмалы маңыздылығы туралы пікір
білдіру, олардың оқуына қатысты таңдау жасау және басқалардың идеяларына күмән келтіру
мүмкіндігі. Мұғалімдердің сыни ойлауы өз жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану
және бағалау тәжірибесін сыни тұрғыдан бағалау қабілетінің болуын болжайды.
Достарыңызбен бөлісу: |