оқыту түсінігінің шектеулерін жояды. Бұл ұғымдар оқушыға нақты әлемді түсінуге
көмектесетін құбылыс ретінде қарастырылатын оқытудың "ішкі" немесе жеке аспектісіне
бағытталған. Оқытудағы мұндай заманауи үрдістер бағдарламада іске асырылатын білім
берудегі жаңа тәсілдердің негізін құрайды.
Оқытуды әлеуметтік сындарлы түсіну (Vygotsky, 1978, Wood, 1998) Бағдарламаға
енгізілген "Оқыту мен білім берудің жаңа тәсілдерінің" негізінде жатыр. Балалар - жеке
зерттеулер мен әлеуметтік өзара әрекеттестікке негізделген өз түсініктерін қалыптастыратын
белсенді білім алушылар. "Диалогқа негізделген оқыту және білім беру" (Mercer, 1995,
Alexander, 2008) және метатаным немесе "Қалай үйрену керек екені жайлы оқыту"
(Flavell, 1976, Vygotsky, 1978) деп аталатын педагогикалық тәсілдер әлеуметтік сындарлы
идеялардың маңызды заманауи интерпретациясы ретінде қызмет етеді. Бағдарламаның
барлық жеті модулінде қарастырылған идеялар оқыту мен білім берудің жаңа тәсілдері
ретінде ұсынылуы мүмкін болса да, біздің ойымызша,
16
тек "Диалогтік оқыту" және "Қалай үйрену керек екені жайлы оқыту" жаңа тәсілдер
болып табылады, өйткені олар әлеуметтік сындарлы көзқарасқа сәйкес келеді. Диалогrt
негізделген оқыту және білім беру - бұл оқушылар арасындағы, оқушы мен мұғалім
арасындағы диалог оқушыларға өз ойларын қалыптастыруға және дамытуға көмектесетін
тәсіл.
" Қалай үйрену керек екені жайлы оқыту", немесе метатаным оқушыларға болашақта
Достарыңызбен бөлісу: |